Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 3 күн бұрын)
Сөз құрамымен таныстыру. 325 – 329 жаттығулар.
Қазақ тілі 2 сынып
Сабақтың тақырыбы: 325 – 329 жаттығулар.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік Сөз құрамымен таныстыру. Түбір мен қосымшаның бір - бірінен айырмашылығын аңғарту. Қосымшаның түрлері жалғау және жұрнақ. Олардың өзіндік белгілері. Түбірлес сөздер.
Дамытушылық: Оқушылардың ойлау қабілетін, сөздік қорын дамыту, сөйлеу, әңгімелеу дағдысын жетілдіре отырып, мәнерлеп сөйлеуге, әдемі жазуға, өз бетінше жұмыс орындауға дағдыландыру.
Тәрбиелік: Ұжымда өзін - өзі ізгілікке тәрбиелеуге дағдыландыру. Зеректікке, ұқыптылыққа, адалдыққа баулу. Көркем жазу арқылы әсемдікке тәрбиелеу.
Сабақтың типі: Оқушылардың жаңа білімді меңгеру сабағы.
Әдіс - тәсілдері: СТО технологиясының тәсілдері, түсіндіру, сұрақ - жауап,
көрнекілік көрсету арқылы түсіндіру, жарыс, ойын.
Көрнекілік: Сөйлем, суреттер, қимақағазар

Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру кезеңі:
а) Сәлемдесу, оқушыларды түгендеу, психологиялық дайындық.
ә) Сабаққа әзірлігін тексеру, оқу құралдарын дайындау.
Үй тапсырмасымен жұмыс:. 254 - жаттығу. Ереже жаттау.
Білімді жан - жақты тексеру кезеңі.
Ереже: Сөздің одан әрі бөлінбейтін мағыналы бөлігін түбір (түбір сөз) дейміз: көк, күріш, қобыз.
Сөздің түбірге жалғанған бөлігін қосымша дейміз: көкшіл, күріштің, өріктің, қобызшы
Оқушылардың білімді белсенді меңгеруге дайындау кезеңі.
Түбір мен қосымшаның шартты белгілері.
өнер лі - жаңа мағына беріп тұр
өнер ге - сөзді байланыстырып тұр.

Жаңа сабақ.
Оқушыларды сабақтың тақырыбы мен мақсатын таныстыру.
1. Сөздің түбірі мен қосымшасын таба алу;
2. Түбір сөз және қосымшалы сөзді қатыстырып сөйлем құрай алу;
3. жұрнақ пен жалғауды бір - бірінен айыра алу;
4. Жұрнақ пен жалғау жалғанған сөзді қатыстырып сөйлем құрау.
Сөз құрамымен таныстыру. 325 – 329 жаттығулар. жүктеу

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама