Сөздердің байланысу тәсілдері
7 сынып
Сабақтың тақырыбы: Сөздердің байланысу түрлері (презентация)
Сабақтың міндеті: Сөздердің байланысу түрлері жайлы алған білімдерін ғылымда болып жатқан соңғы жаңалықтармен толықтырып, зерттеушілік қабілеттерін ұштау.
Сабақтың мақсаты:
1. Білімділік мақсаты: Өткен тақырыптар бойынша ой қорыта отырып, жаттығулармен жұмыс жүргізу, оқушылардың алған білімдерін пысықтау, теориялық білімдерін пікірталас арқылы практикамен ұштастыру;
2. Дамытушылық мақсаты: Оқушылардың ауызша және жазбаша тілдік стильдерін дамыту, ойлау өрістері мен дүниетанымдық көзқарас шеңберлерін кеңейту. Шығармашылық іскерліктерін арттыру.
3. Тәрбиелік мақсаты: Жақсы қасиеттерге, адамгершіліктерге баулу. Жақсы оқып, үлгілі, білімді болуға, достықта адал болуға шақыру.
Сабақтың түрі: дәстүрлі, конференция сабақ
Сабақтың әдісі: пікірталас, сұрақ - жауап, анализ - синтез, жаттығулармен жұмыс әдісі;
Сабақтың көрнекілігі: сабақтың барысына құрылған слайдтар, тапсырмалар жазылған қағаздар, кеспе - карточкалар, әр түрлі сызбалар;
Пәнаралық байланыс: қазақ әдебиеті;
Оқыту технологиялары: сын тұрғысынан ойлау, деңгейлеп - саралап оқыту;
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі:
а) сәлемдесу;
ә) Кезекші есебі;
б) оқу құрал - жабдықтарын, сабаққа қажетті құралдардың болуын қадағалау;
в) оқушылардың зейінін сабаққа бұру;
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру:
ІІІ. Жаңа сабақ.
1. Сабақтың тақырыбы, мақсаты, міндеті және барысымен таныстыру.
2. Мұғалімнің кіріспе сөзі: - Бүгінгі сабақта сөздердің байланысу түрлері жайлы алған білімдерімізді қорытып, өзіндік көзқарастарымызды ортаға салатын боламыз. Сабағымыз конференция түрінде өтетіндіктен алдымен қатысу ғалымдар мен тілшіні таныстырып өтейік. Одан соң ғалымдардың пікірін тыңдап, жаттығулармен жұмыс істейміз.
3. Таныстыру сәті.
1. Білемін бөлімінде өткен тақырыптарды қайталап, ережелерді еске түсіреміз, деңгейлік тапсырмаларды орындаймыз.
А) Қайталау сұрақтары
Синтаксис нені зерттейді?
Қазақ тілінің қай саласын өтіп жатырмыз?
Сөз тіркесінің күрделі сөздер мен тұрақты тіркестерден айырмашылықтарын ата
Сөз тіркесі дегеніміз не?
Сөз тіркесінің айрықша белгілерін ата
Сөз тіркесінің байланысу тәсілдерін ата
Сөз тіркесінің түрлері қалай анықталады?
Ә) Деңгейлік тапсырмалар:
I – деңгейге: етістікті сөз тіркестерін тауып жазыңдар
II – деңгейге: Жанасу, қабысуды тауып талдаңдар.
III – деңгейге: Матасуды табу.
Шоң жолшыбай Баянауылға соқты. Потанин биді көк көзі күлімдеп қарсы алды. Амандықтан соң Шоң төңірегіне көз салды. Былтырғыдан гөрі құрылысқа елеулі ештеңе қосыла қоймағандай. Екі үйдің іргесі көтеріліпті. Олардың қатарынан бес - алты адам тағы жер қазып жатыр. Биіктігі алтыбақандай төрт аяқты тұғырлар үстінде бөренені тақтайға тіліп жатыр. Анадай жердегі қалқан астында сүргіленген тақтайларды жеке қалап қойыпты.
Б) Оқулықпен жұмыс. 247 жаттығу
Мәтінді түсініп оқыңыздар. Абылайдың түсі не жайында? Қарамен жазылған сөздер қандай байланысу тәсілімен байланысқан? Еске түсіріңіздер.
Үлгі: Бұқараны аламын – жалғау арқылы байланысқан сөз тіркесі (меңгеру)
2. Зерттей аламын бөлімінде үйге берілген жеке тапсырмалар тыңдалып, суреттермен жұмыс жасалынады.
А) Тілші: Ғалым Мәулен Балақаев “Қазіргі қазақ тілі” атты еңбегінде сөздердің байланысу турлерін қалай сипаттайды?
Ә) Ғалымдар пікірлері:
Қиысутанушы ғалымдар:
Матасутанушы ғалымдар:
Меңгерутанушы ғалымдар:
Қабысутанушы ғалымдар:
Жанасутанушы ғалымдар:
Б) Суреттермен жұмыс.
3. Білгім келеді бөлімінде тілші сұрақтар мен тест сұрақтары болады.
А) Тілші:
Қиысу сөз тіркесіне жата ма, әлде жалаң сөйлемге жата ма?
Матасу мен меңгеруді кейбір ғалымдар бір деп қарастырады, осы дұрыс па?
Қабысу ман жанасуды қосып бір сөздердің байланысу тәсілдерін жасауға бола ма?
Ә) Тест сұрақтары:
1. Етістікті тіркесті табыңыз.
A) Жақсының ашуы. C) Жаманның ашуы
B) Басы жеткенше D) Жаманның басы
2. Тұрақты сөз тіркесін көрсетіңіз:
A) Дархан дала C) Мұзға отырғызып кету
B) Ғұмырнама D) Кедей - кепшік
3. 4. Қандай байланыс түрі: Мен естідім.
A) Матасу C) Қиысу
B) Жанасу D) Меңгеру
5. Меңгеруді тап:
A) Сынға түсті C) Аман келді
B) Біздің өлке D) Кең дала
6. Байланыс түрлеріне қатысты талдаудың қайсысы дұрыс емес?
A) Тоғыз адам – қабысу C) Оқуға лайық – меңгеру
B) Кең бөлме – жанасу D) Алатаудың Жамбылы - матасу
7. Берілген ретіне қарай сөз тіркестерінің байланысу түрін анықта: Ағаштың бұтағы, хат алу, қалың орман.
A) Матасу, қабысу, жанасу C) Қабысу, меңгеру, жанасу
B) Меңгеру, қиысу, қабысу D) Матасу, меңгеру, қабысу
8. Есімді тіркесті тап.
А) Үлкен үй. C) Тағы да келді.
В) Он шақты. D) Онға жуық.
4. “Білдім” бөлімінде: Жаттығулар:
1. Сөз тіркестерін жаз.
I деңгей: “Ойлан”
1. Зат есім+зат есім. 2. Сын есім+зат есім. 3. Сан есім+зат есім
II деңгей: “Тап”
1. Есімдік+зат есім. 2. Септеулік шылау + етістік. 3. Зат есім+етістік
III деңгей: “Ізден”
1. Үстеу+етістік. 2. Сын есім + етістік. 3. Сан есім + етістік.
2. Сөз тіркестерінің түрлерін ажыратыңдар.
Қара торы. Кетіп қалды. Үйде қалды. Сары ала қой. Жұмған аузын ашпау. Он сегіз. Жетпіс жыл. Асығып - үсігіп келді. Сіркесі су көтермейді. Мөлдір су.
3. Сөздердің байланысу түрлерін табыңдар.
Былтыр тапсырды. Әлсін құлақ түреді. Білгенге маржан. Екі дос. Біздің ауыл. Сен таныссың. Алғашқы ойлар. Қашықтық еңбегі. Уақыттан озған. Сендер сөйлеңдер.
4. Мәтіннен матаса байланысқан сөз тіркесін анықтаңыз.
Талай күн бойында ілбумен ғана жүріп, Жидебай тұсына жеткен Құнанбай қосы сан жағынан бірталай кеміп қапты. Әсіресе, шошытатын жылқының түсі. Нелер атпал айғырлар мен сақа билердің өзі де алты айлық аурудан тұрғандай, көлеңкесі ғана қалған. Жүндері ұзарып, үрпиген. Аяқтары жуандап, сүйек - сүйегі адырайып кетіпті. Тарамыс, шандыр атаулысының бәрі білініп тұр (М. Ә.).
5. Мәтіннен меңгеруді табыңыз.
Жас мал болғанда жүріске мықты, астынан ит өтіп жатса да, жымыраң қақпайтын мінезді жылқыны Ерік жан жолдасындай жақсы көретін. Құлын кезінен құндаққа орағандай мәпелеп өсірді, шошаң етер жерге шоқырақтатпай, осындай азамат тақымы, арғымақ арқасы сыналар ұзақ та еңку - еңку сапарға сақтайтын. Әзірге екеуі де сыр алдырған жоқ. Маңдай мен сауырдан сорғалаған бір күнгі тер деген не, тәйірі, ертең - ақ жайлауға қайтып барған соң, екеуі қарға аунаған түлкідей түрленіп шыға келмей ме?! (О. Б.).
IV. Сабақты бекіту: Бұл кезеңде оқушылар ана тақырыбында мақал - мәтелдер айтып, олардың құрамында кездескен байланысу түрлерін тауып айтады.
V. Сабақты қорыту.
VI. Үйге тапсырма:
Міндетті деңгей: “Көктемнің айшықты сәттері” мәтін жазу.
Мүмкіндік деңгейі: Жанаса байланысқан сөз тіркестерінің астын сызу.
VII. Бағалау кезеңі

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.