Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 1 күн бұрын)
Сөздердің тасымалдануы
Сөздердің тасымалдануы
Жазып келе жатқанда, жолға сыймаса, я тұтас бір буынды, я көп буынды тасымалдауға болады. Мысалы: ала - қан, орна - лас - ты - ру.
Жазып келе жатқанда, жолға сыймаса, мынадай орындарда тасымал жасауға болмайды:
а) сөздің жеке әрпін басқа жолға қалдыруға да, тасымалдауға да болмайды. Ай, күн, тарт, жалт, тарс, жыл, ара (а - ра, ар - а емес);
аяқ (а - яқ емес);
ою (о - ю емес);
ала - қан (а - лақан емес).
ә) бас әріптен қысқарған сөздерді бөліп тасымалдауға болмайды; мысалы МТС (М - ТС, МТ - С емес)
б) кісі атының қысқартылып алынған әрпін фамилиядан айырып екінші жолда қалдыруға я көшіруге болмайды; М. Шаханов
в) цифр арқылы таңбаланатын сандарды оларға қатысты атауларынан және қысқарған сөздердің әріптерін бір - бірінен бөліп тасымалдауға болмайды, мысалы: 25 га (25 - га емес); 50 см (50 - см емес)

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама