Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 4 күн бұрын)
Сөзжасамнан өткенді қайталау
Тақырыбы: Сөзжасамнан өткенді қайталау
Мақсаты: Білімділік: Сөзжасамнан алған білімдерін бекіту.
Дамытушылық: Оқушыларға түрлі шығармашылық тапсырмалар орындата отырып алған білімдерін жинақтау. Сөздік қорларын, ойлау қабілетін дамыту. Тәрбиелік: Сабақ барысында оқушыларды сауаттылыққа, әдемі байланыстырып сөйлеуге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: қайталау, жинақтау сабағы. Сабақтың әдісі: сұрақ - жауап, топтық жұмыстар, оқулықпен жұмыс, шығармашылық жұмыстар. Көрнекіліктер: интерактивтік тақта, үлестірмелі қағаздар
Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылармен сәлемдесу.
ІІ. Сабақтың тақырыбын, мақсат - міндеттерін айту.
ІІІ. Өткенді қайталау.
1. «Жорға» ойыны. Сұрақтарға жауап алу.
1 Сөз неден тұрады?
2 Түбір дегеніміз не? Мысал келтір
3 Қосымшаның екі түрін ата.
4 Сөздер құрамы жағынан нешеге бөлінеді?
5 Дара сөз дегеніміз не? Мысал келтір
6 Күрделі сөз дегеніміз не? Мысал келтір
7 Біріккен сөздер дегеніміз не?
8 Қос сөз дегеніміз не? Мысал келтір
9 Қос сөздің неше түрі бар?
10 Қайталама қос сөздер дегеніміз не? Мысал келтір
11 Қосарлама қос сөздер дегеніміз не? Мысал келтір
12 Қысқарған сөздер дегеніміз не?
13 Тіркесті сөздер дегеніміз не? Мысал келтір

2. «Кім жылдам» ойыны. Берілген сөздерден 1 - топ дара сөздерді, 2 - топ күрделі сөздерді теріп жазыңдар.
Әке, ауыл, жолдас, аялдама, ауыл - аймақ, бозторғай, қара торы, көк ала, қараторғай, ағаш, гүл, отыз, отыз - қырық.

3. Біріккен сөздермен, қос сөздерге байланысты тапсырмаларды орындау.

4. Терме диктанты.
5. Көру диктант
Арасында құлын - тай
Айнала шауып бұлтылдап
Жоғары - төмен үйрек – қаз
Ұшып тұрса сымпылдап,
Қыз – келіншек үй тігер
Бұрала басып былқылдап.
Абай
6. Тақтамен жұмыс. Берілген қысқарған сөздерді қатыстырып сөйлем құрап жазыңдар.
ІҮ. Сабақты бекіту. Көру диктанты.
Ү. Үйге тапсырма беру.
ҮІ. Бағалау.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама