Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 2 күн бұрын)
Спорт, әлем, жаз
Жамбыл облысы, Т. Рысқұлов ауданы, Құлан ауылы
«Балапан» балабақшасы Дене шынықтыру жетекшісі:
Секербекова Жазира Бейсенбековна

Тақырыбы: «Спорт, әлем, жаз»
Білім беру саласы: Денсаулық
Бөлімі: Дене шынықтыру
Мақсаты: Балалардың дене бітімін шынықтыру, оларды жылдамдыққа, шапшаңдыққа, ұйымшылдыққа баулу. Жазғы спорттық жаттығуға деген қызығушылығын арттыру.
Көрнекі құралдар: Доп, қапшық, құрсау, кедергілер.

Жүргізуші: Сәлеметсіздер ме, құрметті қонақтар, әріптестер! Бүгін «Айгөлек», «Балбөбек» топтарында өтілетін «Спорт, әлем, жаз» атты эстафеталық жарысқа қош келдіңіздер!
Келіңіздер, келдіңіздер,
Тамашаны көріңіздер.
Бізден мықты, бізден күшті
Кім бар екен біліңіздер.

Жүргізуші: Бүгін, «Спорт, әлем, жаз» атты сайысымызды бастауға рұқсат етіңіздер. Олай болса спортшыларымызды ортаға шақырайық. Балалар әуеннің ырғағымен, алаңға келіп сап түзеп тұрып, бағытты өзгертіп, аяқ ұшымен жеңіл жүреді. Бәрі қатармен келіп, бұйрық бойынша 2 топқа бөлінеді.
- Ал балалар бүгінгі жарысқа дайынсыңдар ма?
- Иә!
- Дайын болсаңдар барлықтарыңа сәттілік тілеймін! Тек қана алға!
Жүргізуші: Ал қане бір – бірімізді қолдайық.
Бүгінгі «Спорт, әлем, жаз» ойын - сауығымызды бастаймыз.

1 - сайыс: «Қаппен секіру»
Ойынның шарты: Топ балалары қаппен мәреге дейін секіреді, балалар қаптың ішіне екі аяқпен кіріп, жалауға дейін секіріп қайтады.

2 - сайыс: «Такси ойыны»
Ойынның шарты: Құрсау мәреде тұрады, топ басшысы кедергілер арасымен жүгіріп құрсауды алып, қайта жүгіріп келіп, топ мүшелерін бір – бірлеп мәреге жинайды. Мәреден қайтып, кедергілер арасымен топ мүшелерін орнына жинайды. Кім бірінші сап түзесе, сол жеңіске жетеді.
Жүргізуші: «Денең икемді болса, келбетің сүйкімді болады»- деп енді сендердің икемділіктеріңді көрейік

3 - сайыс: «Кім жылдам»
Ойынның шарты: Топ басшылары допты бір қолмен жерге түсірмей ұстап мәрені айналып қайтады. Келесі балаға допты береді.
Жүргізуші:
Қалма жұрттың соңында,
Қажет болса атта.
Аздық етер оның да
Жету үшін мұратқа – деп келесі ойынымызды бастаймыз.

4 - сайыс: «Велосипед тебу».
Ойынның шарты: Әр қатысушы балаларға бір велосипедтен беріледі. Олар кезекпен велосипедке отырып, мәрені айналып қайтады. Топ басшысы балаларды велосипедке отырғызып, жіберіп тұрады.
Жүргізуші:
Біреу озса сайыста,
Біреу артта қалады.
Жеңілгендер ренжімей
Тараса бізге жарады, - дей келе осымен «Спорт, әлем, жаз» атты ойын – сауығымыз аяқталды.
Келесі кездескенше күн нұрлы, дендеріңіз сау болсын!

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама