Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 3 күн бұрын)
Стресссіз өмір сүру мүмкін бе?
Тақырыбы: ”Стресссіз өмір сүру мүмкін бе?”
Тренинг мақсаты: Педагогтармен және жұмысшылармен тренинг өткізе отырып, стресстің адам өміріне зияны туралы кеңестер беру. Алдын - алу жұмыстары жөнінде әңгімелеу. Тұлғаның стресске төзімділігін қалыптастыру.
1. Стресс дегеніміз не?
2. Стрессті анықтау.
3. Стресс туғызуға әсер ететін факторлар негіздері.
4. Сіз қандай тұлғасыз?
5. Мендегі 10 құндылық.
6. Ғажайып ағаш.
7. Адам суреті (интерпретация жасау)
8. Тест: “Сіз стресске бейімсіз бе?”
9. Қорытынды.
Стресс - біздің заманымыздың жағымсыз белгілерінің бір түрі. Күнделікті шектен тыс жүктемелер біздің жүйкемізді шаршатады, қозғыш қылдырады.
Күнделікті осындай қоздырғыштармен қалай күресіп жүрміз? Сындарлы кезде өз - өзімізді басқара аламыз ба? Одан құтылудың қажеті жоқ, тіпті онымен күресу амалдарын білу үшін арнайы дәрістерге барудың қажеті жоқ. Ол үшін стресс дегеніміз не, және онымен қалай күресу керек соны анықтап алайық.
Стресс қоршаған ортаның жағымсыз әсерлеріне ағзаның қорғану реакциясы. Стресс бізді үнемі қоршап жүреді. Ол таң атқаннан, мысалы: ұйқы қанбауы, бала киіндіру т. т.
Стресссіз өмір сүру мүмкін бе?
Ғылымның дәлелі бойынша мүмкін емес. Өмір үнемі тұрақтылықпен тыныштыққа шыдай алмайды, себебі осылардың өзі стресстің көзі болып табылады. Сондықтан стресстен өлгеннен кейін ғана толық құтылуға болады.
Өмірдің мәні мен сәні, қызығы мен қуанышы, әрбір күн жүрегіңізге, өміріңізге деген махаббат сезімін оятсын. Сіз нұрлы өмірдің иесісіз! Әр күнге үмітпен қызыға қараңыз, қызыға отырып, құлшына өмір сүріңіз!
Назарларыңызға рахмет!

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама