Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 2 күн бұрын)
Су.  Судың  қасиеті
Қазақ тілі 2 – сынып
Тақырыбыы: Су. Судың қасиеті
Сабақтың мақсаты: Су, судың қасиеттерімен таныстыру. Судың үш күйде болатынын таныстыру. Ой – өрісін дамыту. Суды үнемдеп пайдалануға, ұқыптылыққа, суды таза ұстауға тәрбиелеу.
Түрі: ашық сабақ
Әдіс – тәсілдері: сұрақ – жауап, әңгімелеу.
Көрнекілігі: Су және сүт.

Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі
Сәлем саған алтын күз!
Көгілдір көк аспан
Бармысың құстарым,
Қанатты достарым
Бас ием тауларға
Жамылған қарларға
Армысыздар, қонақтар!

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру:
- Өткен сабақта қандай тақырыппен танысып едік?
- Ауаның қасиеті. Оқушыларға доп арқылы ауаның серпімділігін, сығылуын дәлелдету.
- Неге қыста терезелерді бекіту керек және орман жануарлары қыста неге тоңбайды?
- Ауаның өртті қолдайтынына мысалдар келтіру.
- Ауасыз өмір сүру мүмкін бе? Дәлелдеу.
- Қазір сіздерге мен жұмбақ жасырғым келіп тұр.

ІІІ. Жаңа сабақ: Жұмбақ
Жылт - жылт еткен,
Жылғалардан өткен. (Су)
- Балалар, жалпы су туралы біз не білеміз, су бізге не үшін қажет?
- Суды біз не үшін пайдаланамыз?
Су

ішуге
кір жууға
гүл суару
өсімдіктерді суару
тамақ пісіру

Тақырыпты хабарлау және сабақтың мақсаты.
- Бүгін біз су және судың қасиетімен танысамыз.

ІV. Оқулықпен жұмыс. Мәтінді оқыту.
Талдау.
- Асан судың қандай қасиетін анықтады?
- Судың мөлдірлігін қалай анықтауға болады?
- Адам мен судың байланысы туралы әңгімелеу?
- Асан судың мөлдір, түссіз екенін, таба білді. Ал біз қазір судың тағы қандай қасиеттері бар екенін білу үшін тәжірибелер жасап көрейік.

V. Сергіту сәті:
Қоюланып тағы бұлт
Жаңбыр жауды себелеп
Жапырақтар жамылып
Бұға қалды көбелек

VІ. Тәжірибе жасау.
1 - тәжірибе. Шыны ыдысқа сүт, екінші шыныға су құй. Екеуін салыстыр.
2 - тәжірибе. Екі ыдысқа қасық салып көрсет.
Қайсысындағы қасық анық көрінеді? Неге? Суды искеп көр. Исі жоқ. Олай болса, су түссіз, мөлдір, иіссіз.
Яғни су – бу – мұз.
VІІ. Бекіту.
- Балалар біз бүгінгі сабақта су, судың қасиеті туралы көп мағлұмат алдық деп ойлаймын. Енді осы суды қалай үнемдеуге болады екен, судың ластануы туралы біледі екенбіз, соны тексеріп көрейік.
- Суды үнемдеп пайдалану үшін не істеуге болады?
- Мына суреттерде берілген жағдайлардың қайсысы судың ластануына қатысты?
- Суды қалай қорғаймыз?
VІІІ. Қорытындылау.
- Судың түсі қандай?
- Оның пішіні бар ма?
- Су не үшін керек?
- Судың қандай қасиеті бар?
ІХ. Бағалау.
Х. Үйге тапсырма. Оқу, мазмұндау

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама