Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 1 күн бұрын)
Су. Табиғаттағы су айналымы
Сабақтың тақырыбы: Су. Табиғаттағы су айналымы
Сабақтың мақсаты: Судың табиғаттағы, адам өміріндегі маңызын түсіне отырып, оны қорғауға, үнемді пайдалануға үйренеді.
Оқушылардың ой - өрісі, тілі, дүниетанымы кеңейеді, өз ойларын айта алады.
Көрнекіліктер слайдтар, куб, үлестірме карточкалар, географиялық карта, видеоролик, ақ парақтар.
Қолданған
әдіс - тәсілдер СТО, АҚТ, топтық жұмыс, рефлексия түрлері, диалогтік оқыту және оқу, көшбасшылық және басқару, формативті бағалау, өзін - өзі бағалау.
Сабақтың түрі: Жаңа сабақ.

І. Ұйымдастыру кезеңі:
1. Сабақ үш тілде амандасумен басталады.
• Сәлеметсіздер ма!
• Good morning!
• Здравствуйте
2.
3. Топқа бөлінеді. 3 мин
4. Топтың ережесін таныстыру.
5. Әр топқа бағалау парағы таратылады, жақсы қатысып отырған топқа жұлдызша беріледі.

Үй жұмысын тексергенде «Кубизм» әдісі.
Кәне, ұй жұмысын куб әдісі арқылы тексерейік. Әр кубтың қырында сан жазылған. Сол санның астында үй тапсырмасының сұрақтары берілген. Сұрақты оқи отырып үй жұмысына жауап алу. Бірден жауап қайтарған оқушыларды топ мүшелерін бағалап отырады.

ІІІ. Қызығушылықты ояту
А) Сабақтың тақырыбын ашу: Мұғалім: Тақырыпты ашпастан бұрын, сендерге бір құпия қонақтың хатын оқиын, ал сендер оның не екенін табыңдар!
Құпия қонақтың хаты:
Мен сұйықпын да, мұзбын да,
Тамшысымын жаңбырдың.
Оюланған қыраумын,
Жылымын да, салқынмын.
Шөлдесең кеуіп кенегең,
Мейіріңді қандырдым.
Сыйлаймын мен тазалық,
Рақат беріп денеңе,
Айта қойшы бұл не? (Су)

Пайдалы қазбалар тарауын аяқтадық. Бүгінгі сабағымыздың тақырыбы: «Су. Табиғаттағы су айналымы»
1. Тапсырма. Су күйлерін еске түсіру үшін алдымен жұмбақ шешу
1. Жылт – жылт етеді
Жылғалардан өтеді
2. (судың сұйық күйі)
2. Өзі судан жаралған,
Бірақ судан қорқады
(мұз - судың қатты күйі)
3. Көзге көрінгенмен,
Ұстасақ қолға тимейді
(бу - газ күйі)
2. Тапсырма. Топтық жұмыс
1 - топ. Адам өміріндегі судың маңыздылығы.
Су. Табиғаттағы су айналымы. жүктеу

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама