Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 1 күн бұрын)
Су - тіршілік нәрі
Білім беру саласы: Таным.
Әдіскер: Ақжігітова Ұ. М. Ұйымдастырылған оқу қызметі: Қоршаған ортамен таныстыру.
Тақырыбы: Су - тіршілік нәрі
Мақсаты: Балаларға су туралы түсінік беру. Судың қажеттілігін, оның адамның, құстың, жануарлар мен өсімдік тіршілігіндегі маңызы туралы түсіндіру. Суды үнемдеп пайдалануға оның қасиеттерін түсіндіру. Суды ластамауға, ұқыптылыққа тәрбиелеу. Қолданылатын көрнекі құралдар: Слайд, сүт, әр балаға су, стакан, қант, тұз, қасық, гуашь бояулары жағылан таяқшалар. Сөздік жұмыс: иіссіз, түссіз, мөлдір, дәмсіз, тәтті, ащы.
Билингвальді компонент: су - вода, тұз - соль, қант - сахар.
Мотивациялық – қозғаушылық (Әсем әуен орындалып тұрады.)
- Қайырлы күн балалар!
Күнде таңертең сендер ояна салысымен терезені ашып табиғат Анаға көз салып қарайсыңдар. Табиғат сұлулықтың таусылмас көзі. Ендеше біз бүгінгі оқу қызметімізді табиғатпен амандасудан бастаймыз.

Шаттық шеңбер:
- Қайырлы күн, күнім, далам,
Қайырлы күн, гүлім, құсым,
Қайырлы күн, өсімдіктер, жәндіктер,
Қайырлы күн, бар тіршілік иесі.
- Өте жақсы! Барлығыңыз орындарыңа отыра қойыңдар.
Ұйымдастырушылық – ізденістік
- Балалар қазір жылдың қай мезгіл?
- Көктем мезгілі неше айдан тұрады?
- Кәне, ай аттарын кім атап береді?
- Көктем мезгілінің қадай ерекшеліктері бар?
- Өте жақсы.
- Балалар, көктем мезгілінің алғашқы гүлі қалай аталады?
- Жарайсыңдар!
- Балалар, мен сендерге жұмбақ жасырғым келіп тұр, сендер жұмбақтың шешуін табасыңдар ма?
- Дәмі де жоқ, түсі де жоқ,
Пайдаланбас кісі жоқ.
Бұл не?
- Бүгінгі біздің оқу қызметіміздің тақырыбы «Су - тіршілік нәрі»
- Аудио жазбадан судың сылдырап аққан дыбысын тыңдайды.
- Балалар, сылдырлап аққан ненің дыбысын естідік?
- Дұрыс айтасыңдар
Балалар, «Су - тіршілік нәрі»! Айналамызды қоршаған ортада сусыз адамдар, жан - жануарлар өсімдіктер, құстар өмір сүре алмайды.
- Балалар, біз су туралы не білеміз? Су бізге не үшін керек және қандай жағдайда пайдаланамыз?
- Балалар, судың түсі мен пішіні бола ма?
- Сендер суға байланысты қандай тиым сөздерді білесіңдер?

Маңғыстау облысы,
Түпқараған ауданы, Форт - Шевченко қаласы
Баутин ауылы, "Ақбота"балабақшасының тәрбиешісі
Басжанова Рзахан Калдыбаевна

Су - тіршілік нәрі жүктеу

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама