Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 1 күн бұрын)
Сұлтанмахмұт Торайғыров "Шәкірт ойы" өлеңі

Қараңғы қазақ көгіне,
Өрмелеп шығып, күн болам!
Қараңғылықтың көгіне,
Күн болмағанда, кім болам?
Мұздаған елдің жүрегін,
Жылытуға мен кірермін!
Еңбек, бейнет тарауы
Рақатқа сарқылар.
Қыздырып күннің қарауы
Надандық теңізі тартылар.
Орны отайып көгерер,
Қызығын жайлап ел көрер.
Тұрмыс, тағдыр — бірі де
Бұл мақсаттан бұра алмас;
Қаһарман, Рүстем, Әлі де
Бұрам деп жолда тұра алмас.
Сыланған жардың күлісі,
Алдандырмас бірісі.

 

С.Торайғыров «Шәкірт ойы» өлеңінің идеясы

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама