Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 2 күн бұрын)
Сұр теке

Баяғыда бір мерген болыпты. Бір күні баласын аңға ертіп шығады. Баласына:

— Сен мына ну тоғай, қалың қурайдың ар жағына өтіп, аң болса бері айда, — дейді.

Бала тапсырманы орындау үшін тонын теріс айналдырып киіп, тоғайды аралап, қалың қурайдың арасымен келе жатқанда, аңдып отырған әкесі «теке екен» деп атып жібереді. Жетіп келсе, баласы өліп жатады.

Сонда: Қалың қурай, сұр теке,
Мені алмадың, қу теке, — деп зар еңіреп тартқан күйі екен...

 


You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама