Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 2 күн бұрын)
Сурет өнеріндегі гуманизм
Сабақтың тақырыбы: Сурет өнеріндегі гуманизм
Сабақтың мақсаты: а) білімділік: Германияның, Нидерландының және Испанияның ұлы суретшілері, шығармалары, сурет өнеріндегі жаңалықтар жөнінде түсінік беру.
б) дамытушылық: Оқушылардың логикалық ойлау қабілетін дамыту, шығармашылық ізденіске жетелеу.
в) тәрбиелік: оқушылардың рухани жан - дүниесінің дамуына ықпал ету, адамгершілікке тәрбиелеу.
Сабақтың көрнекілігі: суреттер, тірек - сызба
Сабақтың әдісі: ауызша баяндау, мәтінмен жұмыс, сұрақ - жауап
Сабақтың түрі: жаңа сабақты меңгерту.

Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі.
1. Жаңа сабақты түсіндіру.
Италиядағы қайта өркендеу дәуірінің өнері Еуропаның басқа елдерінде өнердің дамуына ықпалын тигізді. Соның ішінде итальян шеберлерінің жетістіктерін бойына сіңірген Германияның, Нидерланды және Испанияның ұлы суретшілері дүниежүзілік өнер әлеміне көп жаңалық енгізді.
Ұлы суретшілер

Дюрер Альбрехт
Рембрандт Харменс ван Рейн
Веласкес Диего

Дюрер Альбрехт (1471 - 1528ж) Германияның алдыңғы қатарлы суретшісі. (суретші, инженер, сәулетші)
Рембрандт Харменс ван Рейн (1606 - 1669ж) сурет өнерінің ұлы шебері, кескіндемеші, график.
Веласкес Диего (1599 - 1660ж) ең үздік суретші, сарай суретшісі

Тарихи сынақхат
................ бала кезінен басылымдарды безендірумен әуестеніп, гравюрамен айналыса бастады. Ол жасаған бейнелер................. халықтың реформация қарсаңында етек алған мазасыз көңіл күймен үндес болды......... аса үлкен портрет шеберлерінің бірі болды. Диірменшінің баласы 1620жылы аз уақыт.............. университетінде оқып, соңынан біржола өнер жолын қуды.......... көңіл қойғаны - адам, оның мінез - құлқы, ақылы мен толғаныстары.......... кедейленген шағында өзінің ең таңдаулы шығармаларын тудырды. Испанияның ең үздік суретшісі........... Оның зиратындағы ескерткіште.............. деген сөздер жазылған.

Тұлғаны таны.
Сәйкестендіру. (сурет мазмұнына қарай суретті табу)
1. Веласкестің әйгілі суретші атанған кезінде дүниеге келген портрет. Автор осы шығармасы арқылы адамның өзіне ғана тән ерекше мінез сипатын қылқалам құдіретімен асқан сүйіспеншілікпен бере білген.
2. Рембрандт ең әйгілі картиналарының бірі -«Адасқан ұлдың қайта оралуын»
қайтыс боларының алдында салған еді. Шығарма адамға деген сүйіспеншілік, адамға деген сенім, күйзеліс пен толғаныс сезімдеріне құрылған.
3. Дюрердің таңдаулы гравюраларының бірі"Төрт салт атты"деп аталады.
Онда тәңірдің жер бетіндегі адамзаттың үштен бірін жазалауға жіберген – Індет, Соғыс, Ашаршылық және Ажал кейпіндегі салт аттылар бейнеленген.

Сабақты бекіту: Кім жылдам?
1. Сарай суретшісіне айналып, 40жыл бойы сарайда қызмет жасаған?
2. Жоқшылықта қайтыс болып, кедейлер зиратына жерленген?
3. Оның басты жетістігі жарық пен көлеңкені батыл пайдаланғаны.
4. 1632жылдан Амстердамда тұрып, кейін әйгілі суретшіге айналды.
5. Суретші, инженер, әрі сәулетші болды, көне тілдерге жетік әрі ақын.
6. Гравюра дегеніміз?
7. Германияға, Нидерландыға, Италияға көп саяхат жасап, бұл елдердегі
шеберлердің жетістігімен танысқан?
8. Жүз шақты автопортрет қалдырған?
9. Испан мемлекетінің «алтын ғасыры»?
10. «Инфанта Маргарита» картинасының авторы?
Үйге тапсырма: Сурет өнеріндегі гуманизм оқу.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама