Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 1 күн бұрын)
Сурет пәні бойынша оқыту бағдарламасы
Алматы облысы, Райымбек ауданы,
Қарасаз ауылындағы өнер мектебі МҚКК
Құрастырушы: Түзелбаева Арай

«КӨРКЕМ СУРЕТ» пәні бойынша авторлық бағдарлама І - ІҮ оқу жылдары
Алғы сөз

Балалар мен жасөспірімдерге арналған өнер мектептерінде көркем эстетикалық бағыттағы сурет пәні бойынша авторлық қосымша білім беру оқу бағдарламасы білім мазмұнын, білімді игерудегі қажеттілікпен қатар, сурет салу шеберліктерін арттырып олардың үйрену жолдарын айқындап, 4жыл оқу мерзімін қамтиды.
Бағдарлама балалардың жас ерекшеліктерімен оқу деңгейлеріне қарай көркемдік білімге қол жеткізу мен қатар оқу жетістіктерімен өз беттерінше шығармашылықпен айналысуға толық мүмкіндік алуға бағытталған. Оқыту жоспарында дайындық сыныптарымен, негізгі оқу сыныптарына арнала отырып, баланың ойлау, есту, көру, есте сақтау қабілеттерін жетілдіруді іске асыру мүмкіндіктері қарастырылған.
Мақсаты: бейнелеу өнерiн жан - жақты үйрете отырып, оқушының шығармашылык қабiлетiн ояту
Міндеттері:
білімділік: академиялық сурет пен кескіндеме пәндерін оқытуда баланы шығармашыл тұлға ретінде қалыптастыра отырып, бейнелеу өнерінің салаларымен олардың әдіс - тәсілдерін үйрету;
тәрбиелік: бейнелеу өнерімен шұғылдану кезінде шыдамдылықпен ұқыптылықтың маңызын түсіне отырып, оны іске асыра отырып, өзін - өзі эстетикалық талғамға тәрбиелеу
дамытушылық: балалардың сурет пәнін оқу барысында бейнелеудің заңдылықтарын игере отырып, өздерінің шығармашылығын арттыру, зерттеу шеберліктерін дамыту.
Бағдарламаның өзектілігі, педагогикалық мақсатқа лайықтылығы:
Сурет сабақтағында бала өз қабілетін оята отырып, жан - жақты жеке шығармашыл тұлға болып қалыптаса алады.
Оқытушы бейнелеу өнерiне тән зандылықтарды үйрете отырып, ұлттық нақышты суретте колдануды дамытады.
Оқушыны шеберлiкке, төзiмдiлiкке, ұлтжандылыққа тәрбиелейді.
Бейнелеу өнерінің сурет саласында сурет салудың заңдылықтарын (қағазда дұрыс орналастыру, штрихтау, жарық пен көлеңкені ажырату, бір түсте жазу). Бейнелеу мен ойлау қабілетін ұштастыра отырып дамуға атсалысады. Балалардың көзқарастары, дүниетанымдары басқа елдің өнерлерімен суретшілерімен таныса отырып, ұлттық және этномәдени құндылықтарға бағытталады. Барлық пәндер сияқты сурет сабағында да практикалық бөлімге сағаттар көп бөлінген. Әлемдік білім кеңістігіне ену мақсатындағы алғашқы қадамдар оқушының шығармашылығын дамытып, қабілетін ашудан басталады. Шығармашылық ізденімпаздықтан туады. Баланың өзіне деген сенімін туғызу - өзінен шығармашылық қасиет, қабілет іздете білу, өмірден өз орнын тапқыза білу. Бұл мәселелер бүгінгі замандағы білім беру ісінің күретамыры.
Бағдарламаға енгізілген, зерттеуге арналған тақырыптар білім мазмұнының өз алдына міндетті минимумын білдіреді, яғни оқушылардың меңгеруге тиіс жайттарын қамтиды.

ОҚУ БАҒДАРЛАМАСЫНЫҢ МАЗМҰНЫ
ЖЫЛДЫҚ ТАҚЫРЫПТЫҚ ЖОСПАР
СУРЕТ
І оқу жылы
Аптасына сағаттар саны - 3
Оқу апталарының саны - 34
Жылына сағаттар саны - 102

Толық нұсқасын жүктеу

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама