Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 1 күн бұрын)
Сусыз тіршілік жоқ
Сабақтың тақырыбы: Сусыз тіршілік жоқ
Сабақтың мақсаты: 1) Су - тіршілік көзі, судың жануарлар тіршілігіне қажетті жағдай екенін ұғындыру.
2) Дамытушылық: Ойлау қабілетін дамыту, дүниетанымын арттыру.
3) Тәрбиелілігі: Суды үнемдеп жұмсауға, қорғауға тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Аралас сабақ
Көрнекілігі: Жануарлар суреті, шөл, кестелер
Сабақтың барысы: Ұйымдастыру бөлімі
Үй тапсырмасын тексеру.
- Балалар, қазір жылдың қай мезгілі?
- Қыс мезгілі туралы не айта аламыз?
Қыс

қарлы, аязды, боранды, суық

М: - Қыс мезгілі жануарлар тіршілігі үшін қолайсыз? Неге?
О: - Себебі қыста азық табу қиын. Ауа райы суық болғандықтан тоңады.
М: - Дұрыс, жануарлар қыста қалай жылынады? Оны білу үшін «Өз мекеніңді тап» ойынын ойнаймыз. – Сендерге сұрақ, жануарлар мекені қалай аталады?
Ұя, ін, апан

- Бұл мекен жануарларға не үшін керек?
- Қыс түсісімен көп жануарлар өз мекеніне, ініне, апанына кіріп, жылынып жатады.
- Дұрыс мына жерде аңдардың суреті бар. Соны өз мекеніне орналастыру керек. (тиін, аю, бұлан, түлкі, суыр, қоян, саршұнақ, кәмшат, қасқыр).
Ойынды қорыту.
М: Жорғалаушылар, қосмекенділер, бунақденелілер туралы не айта аламыз?
- Дұрыс, жануарлар жылусыз тіршілік ете алмайды. Жылу - жануарлар үшін, жалпы тірі ағза үшін қажетті жағдай болып саналады.
- Тірі табиғатқа не жатады?
Адам, өсімдік, жануар

Ауа
жарық
қорек
жылу
су

(Оқушылар тақтаға сызба толтырады)
Жаңа сабақ
Олай болса, біз бүгін судың тірі ағза үшін маңызымен танысамыз. Біз
Бұрынғы сабақтарымызда судың қасиетімен таныстық. Судың қасиеттері туралы ассоциациялау карта толтыру.
Су

еріткіш
сұйық
аққыш
иіссіз
мөлдір
жабысқақ
түссіз
Су - тіршілік көзі. Сусыз өмір сүру мүмкін емес. Суды неге ішеді?
«Шөлдеген соң ішеді» деп жауап бересің. Неге шөлдейміз, ойланайықшы. Қолыңа шыны алып үрлесең, шыны терлейді, ұсақ су тамшылары пайда болады. Бұл қайдан шықты? Денеңнен шықты. Адам денесіндегі суды осылайша шығындаса оның орнын толтырып отыру керек. Сондықтан тірі ағзаға су керек.
Ал, енді табиғаты қолайсыз, суаттардан алыс жатқан шөлді аймақтарда да жануарлар тәршәләк етеді.

Шөл - табиғатта суға тапшы аймақ.
1. Мысалы, кесірткелер шөлді аймақта көптеп тіршілік етеді. Кесірткелер, тышқандар өздері жейтін азықтың құрамындағы ылғалды қанағат етеді.
2. Түйе шөлге өте шыдамды. Түйелер қоректенгенде майды өркешіне жинайды. Ол түйенің денесіне су бөліп тұрады. Түйе 8 тәулікке дейін жүре алады.
3. Ақбөкен тез жүгіреді. Алыс суаттарға барып келеді
4. Бұлдырық жылдам ұшады.
Оқулықпен жұмыс
- Өз бетімен оқу.
- Кезектесіп, шынжырлап оқу.
- Суға тапшы аймақ қалай аталады?
- Сонымен, балалар, қандай жануарлар ұзақ уақыт сусыз өмір сүре алады?
Қазір мен сіздерге осы жануарлардың суретін көрсетемін. Сен ол туралы бүгінгі сабақта не білдің? (оқушы жауаптары)

Дәптермен жұмыс
Бүгінгі сабақта кездескен жануарлардың атын жазу. (кесіртке, тышқан, түйе, ақбөкен, бұлдырық)
- Балалар, кім су туралы мақал - мәтел біледі? (оқушының жауаптары)
Ребус шешу:
Су – тіршілік көзі.
Қорытынды:
Су деген тіршіліктің наны емес пе?
Су деген - табиғаттың жаны емес пе?
Су жоқ жерде өмір жоқ, ол - ақиқат
Күміс су қара жердің сәні емес пе?
- Өлеңнен қандай қорытынды жасауға болады?
- Суды үнемдеу, суды бей - берекет ағызбау.
- Су - байлығымыз, оған қамқорлықпен қарайық.
Бағалау
Үйге тапсырма. Оқу, әңгімелеу.

Маңғыстау облысы, Қарақия ауданы,
Мұнайшы селосы, № 5 орта мектебінің
бастауыш сынып мұғалімі Абдуллаева Қарлығаш

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама