Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 5 күн бұрын)
Сүт және сүт өнімдері
Сабақтың тақырыбы: Сүт және сүт өнімдері. (6 - сынып)

Сабақтың мақсаты:
Білімділік: оқушыларды қазақтың ұлттық сүт және сүт тағамдарымен таныстыру, сүт тағамдарының құнарлылығы, пайдалылығы мен дайындау ерекшеліктері жөнінде, рынок туралы түсінік беру;
Дамытушылық: оқушылардың теориялық білімдерін практика жүзінде қолдана білуге дағдыландыру
Тәрбиелік: оқушыларды тәртіптілікке, қарым – қатынас бәдениетіне, өзіне деген сенімділігіне тәрбиелеу;

Сабақтың түрі: аралас сабақ
Сабақтың әдісі: түсіндірмелі, сұрақ – жауап.
Сабақтың көрнекілігі: буклет, слайд, жануарлар суреті
Пәнаралық байланыс: биология, әдебиет
Сабақ барысы
І. Ұйымдастыру кезеңі.
Сәлемдесу, сабаққа дайындықтарын тексеру, оқушылардың назарын сабаққа аудару.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.
1. Тамақтану гигиенасы дегеніміз не?
2. Диетология дегеніміз не?
3. Көкөніс дегеніміз не?
4. Көкөніс қандай заттарға бай?
5. Көкөністерді қандай топтарға жіктейді?

ІІІ. Жаңа сабақ.
Біздің ата – бабаларымыз малдын қадірін білген. Халқымыз мал өсіруді, мал өнімдерін пайдалануды шебер меңгерген.
Төрт түлік малдан әр түрлі сүт өндіріледі. Түйеден – шұбат, биеден – қымыз, сиырдан – сүт, қойдан – қоймалтын, ешкіден – сүт.
Сүт – ең жұғымды тағамдардың бірі. Ламық сүтті ең жеңіл тағам ретінде бағалайды. Сүт сонымен қатар денсаулыққа пайдалы. Көптеген ауруларға ем. Өйткені сүтте көптеген дәрумендер бар.
Сүттің құрамында: сүт су, сүт қышқылы, белок, сүт қанты, минералды тұздар және майдан тұрады. Сүт құрамында он екі түрлі A, B, C, D дәрумендер, екі жүзден аса органикалық минералды қосылыстар бар.

Жылқының қымызы, түйенің шұбаты, қой, ешкі, сиырдың айраны мен құрты тамақ пен сусын ғана емес, денсаулыққа пайдасы бар дәрілік қасиеттері де бар тағамдар. Асқазан, жүрек, бүйрек, бауыр ауруларына пайдалы. Қазіргі өндіріс салаларында сүттен дайындалатын өнімдер өте көп.
Сүттен жасалатын тағамдар: қымыз, шұбат, қатық, айран, сары май, ірімшік, құрт, сүзбе, қаймақ сияқты ішетін, жейтін, сусындайтын алуан түрлі тағам әзірлейді.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама