Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 6 күн бұрын)
Сүйектер, бұлшық ет, сіңірлер – тірек қимыл жүйесінің құрамдас бөліктері.
Сабақтың тақырыбы: Сүйектер, бұлшық ет, сіңірлер – тірек қимыл жүйесінің құрамдас бөліктері. Олардың маңызы. Қаңқада сүйектердің байланысуы Буындардың құрылысы.

Мақсаты: Тірек қимыл мүшелер жүйесінің құрылысын, қаңқадағы әрбір сүйектің басқа сүйекпен ерекше байланысуын және буындардың құрылысын түсіндіру.
а) білімділік: тірек – қимыл жүйесінің құрылысы мен қызметтері туралы жаңа анатомиялық – физиологиялық түсініктерді қалыптастыру қаңқаның құрылысы мен қызметтері туралы білімдерін қалыптастыру
ә) дамытушылық: Адамның тік жүруіне және еңбек етуіне байланысты қаңқасында пайда болған ерекшеліктерді анықтауға үйрету.
б) тәрбиелік: Салауатты өмір сүруге үйрету санитарлық – гигиеналық дағдыларын қалыптастыру.
Пән аралық байланыс: Жануартану
Сабақтың түрі: Дәстүрлі сабақ
Сабақ типі: Аралас сабақ
Әдісі: сұрақ, жауап, баяндау, тірек сызба

Сабақтың барысы: 1. Ұйымдастыру кезеңі.
2. Үй тапсырмасын тексеру кезеңі
3. Білімді тексеру кезеңі.
4. Мақсат қою кезеңі.
5. Материалды түсіндіру кезеңі.
6. Жаңа сабақты түсінгенін тексеру кезеңі.
7. Бекіту кезеңі.
8. Үйге тапсырма беру кезеңі.

Жоспары:
1Тірек - қимыл жүйесінің маңызын?
2Адам қаңқасының бөлімдерін?
3Сүйектердің байланысын және буындардың құрылысын орналасуы мен қызметі қандай?
Жаңа материлды оқыту
Қимыл – қозғалыс - бұл өмір Шынында да, адам о бастан қимылға бейімделген, бәлкім табиғат солай шешкен болар. Біз сондықтан жүреміз, жүгіреміз, секіреміз, жүземіз, күнде мыңдаған әр түрлі қимыл жасап, еңкейіп тік жүреміз Мұның барлығын сүйек - бұлшықет жүйесі немесе тірек – қимыл ақпаратты қамтамасыз етеді. Барлық тірі ағзаларға тән қасиет – қимыл қозғалыс. Қимыл – қозғалыс дененің өсіп, дамуына әсер етеді. Оның адам денсаулығын сақтаудағы маңызы зор.
Қимыл - қозғалыссыз адамның еңбек етуі мүмкін емес. Дененің қимыл – қозғалысы сүйектерге бекінген бұлшық еттердің жиырылып – созылуына байланысты. Тірек – қимыл жүйесі денеге таяныш болып, оны қимыл - қозғалысқа келтіреді және ішкі мүшелерді қорғайды. Қаңқа және бұлшықет адамның тірек құрылымы мен қимыл – қозғалыс мүшелері болып табылады. Бұлардан құралған тірек – қимыл жүйесі адамның тік жүріп, түрлі еңбектермен шұғылдануына мүмкіндік туғызады. Адамның иық белдеулерінің эволюция тұрғысында дамуы, олардың жүруге қатыспауы, оның есесіне дене еңбегі түрлерінің дамуы, ой еңбегінің өрлеуіне үлкен қозғалтқыш күш болып, әсерін тигізеді. Тірек - қимыл жүйесі бұдан басқа тіректік, қозғалтқыш және қорғаныш қызметтерін атқарады.

Сүйектер, бұлшық ет, сіңірлер – тірек қимыл жүйесінің құрамдас бөліктері. жүктеу

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама