Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 1 күн бұрын)
Сүйкімді күшік
І - а кіші топтарында ұйымдастырылған оқу іс – әрекеттерінің технологиялық картасы
Білім беру саласы: Таным
Ұйымдастырылған оқу іс - әрекет түрі: Айналамен танысу
Тақырыбы: «Сүйкімді күшік»
Мақсаты: Балаларды үй жануарларының бірі күшікпен таныстыру. Оның әдемілігін, сүйкімділігін сезінуге және қайырымдылыққа баурап жануарлар дүниесіне қамқор болуға тәрбиелеу.

Тақырыбы: «Сүйкімді күшік»
Мақсаты: Балаларды үй жануарларының бірі күшікпен таныстыру. Оның әдемілігін, сүйкімділігін сезінуге және қайырымдылыққа баурап жануарлар дүниесіне қамқор болуға тәрбиелеу.
Әрекет кезеңдері Тәрбиешінің іс - әрекеті Балалардың іс - әрекеті
Дәлелдеу. Шаттық шеңберін жасау
Қәне, қәне тұрамыз,
Үлкен шеңбер құрамыз.
Қоян болып секіріп,
Орнымызды табамыз. (Қимылмен жасайды)
Қыңсылаған дыбыс шығады. Есікті ашып қараса, кішкентай күшік келіп тұр.

Балалар күн шуағын шақырып, бір – біріне жылу таратады. Қолдарын алға созып үрлеп келген қонақтарға жылу сыйлайды.
Балалар күшікті көріп таң қалады.
Ұйымдастыру, іздену. Тәрбиеші балаларға күшікті таныстырады.
- Балалар, бұл не? Бұл кішкентай сүйкімді күшік. Қандай әдемі, жүні жұмсақ, көзі бар, мұрны, құлағы, кішкентай құйрығы бар. Өзі ала, қара мен ақ араласқан, табандарыда жұмсақ. Қане балалар, бұл күшіктің атын білмейміз. Ендеше ат қоямыз. Не болсын? Төсі ақ - Ақтөс болсын ба? Әлде табаны ақ Ақтабан болсын ба?
- балалар бұл күшік үйінен адасып шығып кеткен, қарны ашқан болу керек, бәріміз тамақтандырайық.
Өлеңін оқу:
Күшігім менің үріп тұр
Бір нәрсені сезіп тұр
Есікті ашып қарасам
Атам. Әжем келіп тұр.
Сұрақтар қою:(осыған сергіту сәтінде кіреді)
Балалар күшік ашуланса қайтеді?
Бірдеңені сезіп қалса не істейді?
Қатты жүгіргенде қайтеді?
Күшік қалай демалып жатады?
Күшігіміз сүтке тойып алды. Енді жылы үйшік керек. Біз күшікке үйшік жасап беріп қамқорымызға алайық. Мен Ақтөсті суретке түсіріп алдым әр қайсысын өз күшіктеріңе үйшік жасаңдар. (үшбұрыш, төртбұрыш, жарты дөңгелек)
«Қуыспақ» ойынын ойнайды. Балалар тәрбиешінің әңгімесін тыңдайды.

Күшікпен жақсы танысады.
Күшікке «Ақтөс», деп ат қояды.
Күшікке аяушылық білдіріп, сүт береді. Күшіктің тамақтанғанын көріп балалар қуанады.
Өлеңді қайталап айтады.
Сұрақтарға жауап береді.
Әр сұрақтарға қимылмен көрсетіп жауап береді.
Балалар геометриялық пішіндерден күшікке үйшік құрастырады.
Күшікпен қуыспақ ойынды қызыға ойнайды.
Рефлексивті түзету. Балалар күшікке әдемі қарғыбау сыйлайды.
Тәрбиеші балаларды жұмысы үшін мадақтайды. Балалар күшікке қарғыбау сыйлағанына қуанады.

Білу: жануарлар туралы түсініктерін білу;
Игеру: күшікті тану, оның түр, тұлғасын білу.
Меңгеру: Ит үйшігі туралы, оны жасай білу жолдарын меңгеру.

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама