Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 1 ай бұрын)
Синтаксис. Сөз тіркесі туралы түсінік
Алматы облысы, Еңбекшіқазақ ауданы
Толқын ауылы, “Толқын орта мектебі” КММ
Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі
Жайлыбекова Алия

Сабақтың тақырыбы: “Синтаксис. Сөз тіркесі туралы түсінік”
Сыныбы: 7 - сынып
Сабақтың мақсаты: Синтаксис сөзі грек тілінен аударғанда құрастыру, біріктіру сөзі екенін, сөздердің бір - бірімен грамматикалық байланысқа түсіп, сөйлем құрай алатынын түсіндіру.
Білімділік: сөйлем құрамындағы сөздердің өзара грамма - тикалық байланысына негізделетінін білу, сөздердің бір - бірімен әр түрлі тұлғада байланысатынын, олардың түрлері туралы толық түсінік беру;
Дамытушылық: ойлау, есте сақтау, өз ойын ашық айту, мәдениетті сөйлеу дағдысын дамыту, сабаққа белсене қатысу
Тәрбиелік: Бірін - бірі тыңдауға, өзара көмек, ұжымшылдыққа тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: жаңа сабақ
Әдіс - тәсілдер: СТО стратегиялары, жеке жұмыс, зерделей іздену, ой қозғау т. б
Көрнекілігі: тірек сызбалар, үлестірме қағаздар, тест, түрлі - түсті қағаздар, слайд

САБАҚТЫҢ БАРЫСЫ
І. Ұйымдастыру кезеңі
А) Оқушылармен сәлемдесу
Ә) Сынып оқушыларын түгендеу
Б) Сабаққа дайындықтарын тексеру.
В) Сынып тазалығын тексеру.

ІІ. Білімдерін бекіту
«Сұрақ менен, жауап сенен» ойыны. Тез арада кім қанша сұраққа жауап береді?
• Етістікте қанша шақ бар?
• Райдың түрі нешеу
• Есімшенің жасалу жолы қандай?
• Есімшенің түрленуі деген не?
• Көсемшенің жасалу жолы қандай?
• Көсемшенің қай түрі жіктелмейді?
• Бір ғана жұрнақ арқылы жасалатын қай етістік?

ІІІ. Жаңа сабақтың мақсатын қою
1. Синтаксис ұғымының мағынасын ашу
2. Синтаксистің грамматикалық салалары
3. Сөз тіркесі синтаксисі
4. Етістік сөз тіркесі
5. Есімді сөз тіркесі

ІҮ. Жаңа сабаққа көшу кезеңі
Еркебұлан қазір төрінде ақ отаудың жалғыз отыр. (сөйлемді ретке келтіру керек)
Дұрыс жауабы: Қазір Еркебұлан ақ отаудың төрінде жалғыз отыр.
Сөйлем ішіндегі сөз тіркестері:
1. Еркебұлан отыр.
2. Жалғыз отыр.
3. Ақ отаудың төрінде отыр.
4. Ақ отаудың төрінде
5. Қазір отыр.
Синтаксис (гректің « құру, біріктіру») – сөз тіркесі мен сөйлемнің құрылысын қарастыратын грамматиканың саласы. Сөйлем – ойды білдіретін тілдің ең кішкене бөлшегі.

Толық нұсқасын жүктеу

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама