Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 2 күн бұрын)
Синтаксис Сөз тіркесі
Сабақтың тақырыбы: Синтаксис Сөз тіркесі
Тарау бойынша қайталау
І бөлім. Түрткі сұрақтар
1. Морфология дегеніміз не?
2. Тілімізде қанша сөз табы бар?
3. Етістіктің шақтары дегеніміз не?
Шақтар нешеге бөлінеді?
Етістіктің райлары дегеніміз не?
Есімше дегеніміз не? Жұрнақтары
Көсемше дегеніміз не? Жұрнақтары
Тұйық етістік қай жұрнақ арқылы жасалады?

Сөз тіркесі
Толық мағыналы кемінде екі сөздің өзара сабақтаса, бірі екіншісіне бағына байланысуын сөз тіркесі деп атаймыз.

Бағыныңқы сөз ------ Басыңқы сөз
темір -------- балға
боз --------- інген
бес --------- ешкі
сол ------------ сәт
тез -------- жүгірді

Сөз тіркесінің түрлері
▪ Есімді сөз тіркесі
жаңа киім
айтуға құмар
оның екеуі
▪ Етістікті сөз тіркесі
жақсы сөйледі
кеше келді
тез жүгірді

Сауалнама
1. Сөз тіркесін тап.
А) ала доп В) су жүрек С) жиырма тоғыз
2 Сөз тіркесінің неше түрі бар?
А) 5 В) 4 С) 2
3 Басыңқы сыңары зат есімнен болған сөз тіркесін тап.
А) өткелден өт В) кең бөлме С) домбыра тарт
4. Етістікті сөз тіркесін тап.
А) екі сиыр В) жоғары шық С) бұл кітап
5. Қайсысы бағыныңқы - басыңқы сыңардан тұрады?
А) тұрақты тіркес В) тіркесті сөз С) Сөз тіркесі
6. Басыңқы сыңары неден жасалған?
Бұл кім?
а) жіктеу есімдігі В) етістік С) сұрау есімдігі
7. Сөз тіркесінің белгісі қандай?
А) зат, құбылыстың атауы болу В) толық мағыналы кемінде екі сөздің тіркесуі
С) Түбір күйіндегі сөздер ғана тіркесе алады
8) Қайсысы сөз тіркесі емес?
А) сұрақ қой В) кілт тоқтады С) он бес
Жауаптары:
1) А 5) С
2) С 6) С
3) В 7) В
4) В 8) С

Үйге тапсырма
І. “Мейірімділік” тақырыбына эссе жазу.
ІІ. Ережелерді жаттау.

Атырау облысы, Жылыой ауданы,
Тұрғызба ауылы №4 орта мектептің
қазақ тілі мен әдебиеті пәндерінің мұғалімі
Анесова Құрма Көпенқызы
Синтаксис Сөз тіркесі жүктеу

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама