Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 4 күн бұрын)
Сиқырлы әуенді тап (дәстүрден тыс әдіс - тәсілдері)
Тақырыбы: «Сиқырлы әуенді тап» (дәстүрден тыс әдіс - тәсілдері)
Білім беру саласы: «Шығармашылық»
Ұйымдастырылған оқу іс – әрекет түрі: «Музыка»
БМ: Балаларды сиқырлы әуендермен таныстыра отырып, мерекелік көңіл - күй сыйлау.
ДМ: Сиқырлы аспаптар көмегімен ойналған әуендерді таба білуге үйрету.
ТМ: Балаларлдың көңіл - күйін көтеру, мерекелік күн сыйлау.
Билингвистік компонент: музыкалық аспаптар - музыкальные инструменты, сылдырмақ - маракас, туған күн - день рождения
Көрнекілігі мен құралдары: слайд, музыкалық аспаптар

Ынталандыру, сезімді ояту
Мотивациялық – қозғаушылық
Балалар залға еркін көңілді кіреді. Үш тілде амандасады.
- Балалар, бүгінгі біздің оқу қызметіміз ерекше түрде болмақ. Сендер туған күнге барғанды ұнатасыңдар ма?
Олай болса, өзімізді достарымыздың туған күнінде отырмыз деп сезінейік.

Ұйымдастырушылық ізденістік
- Балалар, сендер туған күнге барғанда не істейсіңдер?
- Қандай көңілде боласыңдар?
Бүгінгі туған күнде ерекше өтеді. Туған күнде достарымызбен сиқырлы әндер табамыз. Мен қазір сендерге әуендер жасырамын, сендер соны табуға тырысасыңдар.
1. «Отан - ана» (Т. Бейсембек, А. Досмағамбет)
2. «Астана» (А. Досмағамбет, Г. Жотаева)
3. «Кел, билейік!» (Б. Байқадамов, М. Әлімбаев)
4. «Ағайынбыз бәріміз» (М. Әубәкіров, Ә. Дүйсенбиев)
5. «Бөбектер әні» (Е. Ташев, О. Көлжанов)
6. «Біздің бала бақшамыз» (Н. Тілендиев, Т. Молдағалиев)
7. «До - ре - ми» (Ө. Байділдаев)

Жаңа ән: «Ақша қар» (К. Қуатбаев, Қ. Ыдырысов)
- Балалар, енді көңілімізді көтеріп, тамаша әуенге билейікші.
- Сиқырлы аспаптармен, өтілген күз туралы «Осень» әнімізді айтып, бірге қосып ойнап көрейік.
- Балалар, сіздер аспаптарда ойнадыңыздар, ән айттыңыздар. Енді денемізді сергітіп тамаша «Бейнені жаса» ойынын ойнап алайық.
Ойынның барысы: Әуен жүргенде, балалар әртүрлі қимыл - қозғалыс жасайды, әуен тоқтаған уақытта балалар белгілі бір бейнені жасап тұрып (қатып) қалу керек, қозғалған бала ойыннан шығады.
Мінекей балалар осымен біздің бүгінгі «» көңілді кешіміз осымен аяқталды. Жақсы күндерде кездескенше сау болыңыздар.

Атырау қаласы МКҚК
№29 "Нұрсая" бөбекжай - балабақшасы
саз жеткешісі Жайлашева Динара Жаңабайқызы

Толық нұсқасын жүктеу

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама