Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 2 күн бұрын)
Сиқырлы дәрі жасаймын. Жұрнақ пен жалғау.
Сабақ тақырыбы: Сиқырлы дәрі жасаймын. Жұрнақ пен жалғау.
Сабақ мақсаттары: Оқушылардың барлығы мынаны орындай алады: Оқулықта берілген және қосымша тапсырмаларды орындайды. Жазба жұмыс жасайды. Сұраққа жауап береді.
Оқушылардың көбісі мынаны орындай алады: Топтық жұмысты бірлесе орындайды. Өз бетінше жұмыс жасайды. Сұраққа жауап береді. Қосымша үлестірме ресурстармен жұмыс жасайды.
Оқушылардың кейбіреуі мынаны орындай алады:
Оқулықтан тыс берілген қосымша тапсырмаларды орындайды, тақырып бойынша қосымша мәліметтер мен дәлелдер келтіре алады.

Бағалау критерилері: Жеке, жұптық, топтық тапсырмаларды орындай алады. Сабақ барысында тыңдаушының назарын өзіне аудара алады.
Сөздік қор: Сөз құрамы. Түбір және қосымша түрлері
Құндылықтарды дарыту: Еңбек және шығармашылық
Пәнаралық байланыстар: Дүниетану, математика пәнімен байланыс
Алдыңғы меңгерілген білім: Сөз құрамы. Түбір және қосымша

Сабақтың басы 5 минут
Сәлемдесу.
Психологиялық ахуал қалыптастыру: «Қызыл гүлім - ай» би
Сынып реттілігін қадағалау.
Оқушыларды түгелдеу. Оқу құралдарын байқау.
Бір - бірімізді тыңдаймыз десек 1 рет қол шапалақтаймыз!
Ұйымшыл боламыз десек 2 рет
Белсенділік танытамыз десек 3 рет шапалақтаймыз!
Оқушыларды сабақтың тақырыбымен, мақсатымен таныстыру
Мәтіннің бөлімдерін және негізгі ойды анықтаймыз.
Сабақтың критерийін құрастыру.
Оқушылармен бірге құрастыру.
Сиқырлы дәрі жасаймын. Жұрнақ пен жалғау. жүктеу

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама