Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 2 күн бұрын)
Сиқырлы жолдар
Сиқырлы жолдар
Ұйымдастырылған оқу іс - әрекетінің технологиялық картасы
Білім беру саласы: Таным, Қатынас,
Бөлімдер: Ойна да ойлан, Құрастыру, Тіл дамыту.
Тақырыбы: Сиқырлы жолдар.
Мақсаты: Балалардың қарапайым математикалық ұғымдарын толықтыру, ұзын - қысқа заттарды, үлкен - кіші, бір және көп деген ұғымдарды қалыптастыру. Геометриялық пішіндер, түстерді ажыратуға арналған ойын – жаттығулар арқылы қисын ойлау қаблеттерін дамыту.
Билингвалды компонент: Длинный – ұзын, короткий – қысқа.

Мотивациялық – танымдық
Шаттық шеңбер
«Күн шуағы»
Күлімде күн күлімде,
Бүлдіршіндер қуансын.
Жарқырап күн ашылды,
Айналаға нұр шашылды.
Қайырлы күн, біз - көңілді баламыз!
Қайырлы күн, біз – сүйкімді баламыз!
Айтқан тілді аламыз
Достарымды көргенде
Қуана қарсы аламыз.
Сәлем!, Сәлем!, Сәлем!

Ұйымдастырушылық – ізденушілік
Жұмбақ.
Қалқиып екі құлағы,
Елеңдеп қорқып тұрады
Тәрбиеші:- Балалар бізге қояндар қонаққа келіпті, қояндар жолдың бойымен секіріп келеді.
Кәне қояндардың түсін айтыңдаршы қандай?
Тәрбиеші:- Ал балалар алдарыңда екі жол жатыр, кәне салыстырайық
Тәрбиеші:- Ал біздің ақ қоян қандай жолмен секіріп келді?, түсі қандай?
Тәрбиеші:- Ал біздің көк қоян қандай жолмен секіріп келді?, түсі қандай?
Салыстыру әдісі
Тәрбиеші: Балалар қараңдаршы қане салыстырып көрейік қай қоян бірінші келді?
Себебі неде?
Сиқырлы жолдар. жүктеу

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама