Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 3 күн бұрын)
Сиқырлы сандар
Сиқырлы сандар
Мақсаты: 1. 1-ден 5-ке дейінгі сандар туралы алған білімдерін жинақтау, қорытындылау,
1-ден 5-ке дейінгі сандарды тура және кері санауды пысықтау. Есту
барысында сандарды ажырата білуге жаттықтыру.
Оқушылардың ой-өрісін, ойлау қабілетін, математикалық тілін дамыту. Пәнге деген қызығушылығын, есте сақтау қабілетін дамыту.
Ізденімпаздыққа, өз ойын жеткізе білуге, ұжымда жұмыс істей білуге тәрбиелеу.
Сабақтың көрнекі-құралдары: сандар, ертегі кейіпкерлері, таратпа материалдар, суретті
қағаздар.
Техникалық құрал: компьютер
Әдіс-тәсілдері: сұрақ-жауап, көрнекілік, топтық жұмыс.
Типі: бекіту сабағы
Түрі: жарыс түрінде
Пәнаралық байланыс: көркем әдебиет, тіл дамыту, айналаны қоршаған орта.
Жоспар:
І. Ұйымдастыру
ІІ. Жаңа сабақ
1. Топтарды анықтау
2. Ойын
3. Сергіту сәті
4. Сабақты бекіту
ІІІ. Қорытындылау
ІV. Мадақтау

І. Ұйымдастыру: 1. Балалар хормен:
Үлкенге де сіз,
Кішіге де сіз,
Барша адамды құрметтеп
Бас иеміз біз.
2. Оқушылар назарын сабаққа аудару.
Балалар, біз бүгін ертегілер әлеміне саяхатқа шығамыз. Саяхатқа пойызбен шығамыз.
Балалар, біз қандай сандармен таныстық?
- Вагон сандары ретімен тіркелген бе?
Онда ретімен тіркеп алайық.
Енді вагондарды ретімен санайықшы.
Енді кері санайық.
Вагондар саны нешеу екен?

ІІ. Жана сабақ.
Қызығушылықты ояту
1, 2, 3
Сынып іші тып-тыныш
Жалқаулықты тастаймыз
Сабақты біз бастаймыз!
1. Топтарда анықтау.
Бүгінгі сабағымызда 3 топ болып жарысамыз.

«Балдәурен» тобы
«Балбөбек» тобы
«Балғындар» тобы

2. Ойын.
а) Әр топ өзінің таңбасына қарай таныстыру айтады.
«Балдаурен» тобы: Үш дегенім – үміт,
Жайдары жүр күліп
Сотқар болсаң, балам,
Атанасың бұзық.
«Балбөбек» тобы: Төрт дегенім – төзім,
Сабырлы бол өзің.
Ал асықсаң, балам,
Мәнсіз болар сөзің.
«Балғындар» тобы: Бес дегенім – ақыл,
Бол ақылды, батыр
Атаң не айтса, балам
Құп алғаның мақұл.
ә) «Көршісін тап» ойыны.
Әр топқа жетіспейтін санды табуға тапсырмалар беріледі:
0 23 5
01 3 5
0 2 4
б) Ауызша есептер шығару
- Екі балапан тұр,
Екі балапан отыр.
Шатаспай тез ойлансаң,
Тура тауып, тура айтсаң,
Тұрғаны бар, отырғаны
Барлығы қанша балапан?
(төрт)
- Пісіп тұрған төрт алмұрт,
Қызығатын көрген жұрт.
Екі алмұртты бұтақтан,
Алып жеді Мұратқан.
Қанша қалды алмұрттан?
(екі)
- Бес алманың үшеуін,
Досың сұрап алды.
Айтшы, сонда нешеуі,
Өз қолыңда қалды?
(2)
- Тал бойында тізіліп
Бес жапырақ тұр еді.
Жел соқты да үзіліп,
Ұшып кетті үшеуі.
Ілініп тұр әлі
Жапырақтың нешеуі?
(3)
- Табақта төрт өрік,
Қолымда бір өрік.
Қосқанда барлығы
Болады неше өрік?
(5)
- Алма ағашта бес алма,
Қандай тәтті жесе алма.
Бесеуін де жеп қойсам,
Қалады сонда неше алма?
(0)
Алғашында күнара,
Қонушы еді бір ара.
Бүгін төрт туысын
Ертіп кепті бұл ара.
Келіп қонды неше ара?
(5)
3. Сергіту сәті
Мынау менің жүрегім,
Бәрі осыдан басталған.
Мынау – басым ақылды,
Бәрін осы басқарған.
Мынау менің – оң қолым,
Мынау – менің сол қолым,
Барлық істі атқарған.

4. бекіту
«Үлкен, кіші және тең» ойыны

«Қалт етпей қағып ал, жауабын тауып ал» ойыны
Мақсаты: 5 санының шығу жолын табуда еске сақтау қабілетін дамыту.
Шарты: Балалар дөңгелене тұрады. Ортада тұрған тәрбиеші «қалт етпей қағып ал, жауабын тауып ал деп» екі және үш деп бір балаға допты лақтырады. Допты қағып алған бала, үш және екі болады бес деп допты тәрбиешіге кері лақтырады.

ІІІ. Қорытындылау
Енді балалар, Үйшік ертегісіндегі аңдарға үйлерін қалауға көмектесейік.
5 санының құрамын табу.
ІV. Мадақтау
Жеңген топты және жақсы қатысқан балаларды мадақтап өтемін

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама