Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 2 күн бұрын)
Сиқырлы су
Саласы: «Әлеумет», «Таным»
Бөлімі: Экология негіздері
Тақырыбы: «Сиқырлы су»
Мақсаты: Судың әртүрлі қасиеттері жайында (пішіні, иісі болмайды, түссіз, сүйық, суық, жылы болады) балалардың білімдерін бекіту.
1. Судың жаңа қасиетімен таныстыру: мөлдір, кез - келген түске боялады.
2. Танымдық - зерттеу қабілеттерін дамыту.
3. Табиғатқа деген сүйіспеншілігін, қызығушылығын арттыра отырып, табиғаттың әдемі сұлулығын көре білуге және оған қамқор болуға тәрбиелеу.
Әдіс - тәсілдері: Слайд, тәжірибе жасау, көрсету, түсіндіру, ойын, сұрақ - жауап, шаттық шеңбер.
Көрнекі – құралдар: интербелсенді тақта, Маша ойыншығы, ыдыстар, қасықтар, жылы, суық су, түрлі - түсті бояу, қылқаламдар, сүлгілер, сабын, түтікшелер, алжапқыштар.
Іс - әрекет кезеңдері
Тәрбиеші іс - әрекеті
Мотивациялық - қозғаушы
Шаттық шеңбері:
Балалар көңіл - күйлеріңіз қандай?
Олай болса «тамаша» ойынын ойнап жіберейік.
Ойынның шарты: Мен сендерге жақсы сөз айтсам, сендер тамаша деп жұдырықты түйіп, бас бармақтарынды көтересіңдер.
1. «Балапан» балабақшасы қандай?
2. Біздің топтың балалары қандай?»
3. «Қыс»мезгілі қандай?
4. «Қар»жауған қандай?
5. Іңжудің күлкісі қандай?
6. Менің айтып тұрған сөздерім қандай?
7. Бүгін келген қонақтар қандай?
Жақсы балалар бүгінгі күнімізде осындай тамаша өтсің.

Ұйымдастыру - іздестіру
Ғажайып сәт: (жылыған дауыс естіледі)
Тәрбиеші: Балалар, естимісіңдер? Біреу жылап жатқан сияқты. Бұл ертегідегі Маша екен ғой. Машамен амандасайықшы.
Маша сен неге жылап отырсын?
Маша: - Бүгін менің досым аюдың туған күні еді. Ал мен ойнап жүріп беті - қолымды кірлетіп алдым. Енді туған күнге қалай барамын?
Тәрбиеші: Көңіліңді түсірме, Маша. Біз саған көмектесеміз. Солай ғой балалар?
Т: Балалар, беті - қолымыз кірлегенде не істейміз?
- Иә, ал немен, қалай жуамыз?
- Ал біз жуыну тәртібін білеміз бе?
(жуыну алгоритмін мольберке ретімен орналастыру).
- Жақсы балалар. Ал кенді Машаның беті - қолын жуайық.
(үстелдің үстінде суық және жылы су құйылған екі ыдыс тұрады).
- Машаны қай сумен жуындырамыз?
- Иә, балалар. Ал суық сумен шыныққанда ғана жуынамыз.
(тәрбиеші Машаның беті - қолын жуады)
- Су, су, су,
Беті, қолымды жу - деп, айтады.
Міне, Маша да тазарып шыға келді.
- Балалар, біз сумен жуынамыз. Тағы су не үшін қажет?

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама