Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 1 күн бұрын)
Сиқырлы сурет сырлары
Сиқырлы сурет сырлары
Мақсаты: оқушыларға сурет туралы мағлұмат беру. Сергіту арқылы бояу сырларымен таныстыру. Суретке деген қызығушылықтарын ояту.
Көрнекілігі: бояу қарындаштар, акварель, ақ қағаздар, түрлі - түсті қағаздар.

Өту барысы:
1. сурет туралы түсінік беру
2. Шаттық шеңбері
3. Өз қалауымызда сурет салу
4. Сергіту сәті. «Кемпірқосақ ойыны»

1. Сурет әртүрлі бояулармен: акварельмен (қағазға немесе картон), майлы бояумен (холстқа, картонға, ағашқа), пастельмен (ерекше түрлі - түсті қарындаштармен қағазға немесе картонға) салынады.

2. Шаттық шеңбері
Қолға қалам аламыз,
Әуеде сурет саламыз.
Ән айтамыз, би билеп
Күн сәулесін саламыз.

3. Балалар, біз бүгін (Суретті бояу) деген тақырыпта жұмыс дәптеріне берілген тапсырмаларды орындаймыз.
Суретті бояғанда өте тиянақты, әдемі,
Бояудың түсін ажырата білуге дағдыландыру. Мысалы, тақырыпта
(Күзгі жемістер) деп берілсе,(Алманың түсі -
Қызыл, шиенің түсі – қызылқүрең), т. б. сол
Сияқты әрбір суретті бояр алдында түстерге мұқият зейін қою керек. Әуелі өзіміз қалауымызша сурет салып, сонан соң тапсырмаларды орындаймыз.

4. Сергіту сәті. Кемпірқосақ ойыны
Барлығымыз ортаға шығып дөңгеленіп турамыз, әр оқушы бір бірлеп 1 - 7 аралығындағы сандарды айтып шығады. Ортаға түрлі түсті қағаз қиындыларын тастаймыз.
Мысалы, Мұғалім 1 - көк немесе 3 - қызыл деп айтса, сол сандағы оқушылар өздеріне тиісті түсті алады. Барлығы алып болған соң мұғалім түстерді кезегімен айтады. Сол кезде оқушылар бірдей түстер қол ұстасып қатар-қатар тұра қалады. Мұғалім «кемпірқосақ» деп айтқанда қолдарындағы қағазды жоғары көтереді.

Н. Байғанин орта мектебі
«Айгөлек» жазғы демалыс лагері
Тәрбиеші: Қалиева Жаңылсын
Студент – практикант: Кошетерова Мөлдір

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама