Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 3 күн бұрын)
Табиғат
Сабақ № 1
Күні: 02.09.2011 ж
Сыныбы: жетінші
Пәні: физика және астрономия
Тақырыбы: Табиғат және адам. Физика табиғат туралы ғылым. Астрономия – аспан денелері туралы ғылым
Мақсаты:
1.Білімділік: Оқушыға табиғат пен адам арасындағы байланыс, «физика», «астрономия» терминдерінің мағынасын, қазіргі заманымыздағы жаңа технологиялардың пайда болуына негізгі үлес қосқан ғылым – физика туралы түсінік беру.
2.Тәрбиелік: Табиғат және адам, физика – табиғат туралы ғылым және астрономия – аспан денелері туралы ғылым тақырыптарын түсіндіре отырып, оқушыны табиғатты аялауға, табиғатқа деген сүйіспеншілігін арттыруға тәрбиелеу.
3. Дамытушылық: Табиғат туралы түсінік бере отырып, оқушының танымдық деңгейін арттыру, ой - өрісін кеңейту.
Сабақтың типі: жаңа сабақ
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Сабақтың әдісі: оқулықпен жұмыс,
Сабақтың көрнекілігі: оқулық, суреттер
Пән аралық байланыс:география, биология, химия
Сабақтың барысы:
I.Ұйымдастыру кезеңі:
1.Сәлемдесу
2. Оқушының құрал жабдығын тексеру.
3.Оқушының назарын сабаққа аудару.
ІІ.Оқушы білімін жан-жақты тексеру:
1) Біз терезеге қарағанда не көреміз?
ІІІ. Жаңа түсінік беру:
Физика табиғат туралы ғылым ретінде алғаш рет гректің ұлы ойшылы, тарихта “бірінші ұстаз” аталған Аристотельдің шығармаларында баяндалды.
“Физика” грекше фюзис табиғат дегенді білдіреді. Ал бұл сөздің ғылыми мағынасын байытуда тарихта “екінші ұстаз” аталған біздің ұлы бабамыз - Әбу Насыр әл – Фарабидің еңбегі зор. Ал орыс тіліне “Физика” терминін енгізген М.В.Ломоносов болатын.

ІV.Жаңа түсініктер мен іс-әрекеттер тәсілін қалыптастыру.
А)жаңа ұғымдар:
Астрономия, физика, физикалық құбылыстар, галактика, біздің ғалам, жұлдыздар, ғарыш әлемі
V.Мұғалімнің проблемалық және ақпараттық сұрақтары:
1) «Табиғат» деген сөздің мағынасын қалай түсінесің?
2) Табиғат құбылыстары деп нені айтамыз?
Күннің тұтылуын қалай түсіндіресің?
VІ.Жаңа түсінікті тексеру:
1)Қазіргі заманның ғылыми – техникалық жетістіктері қандай?
2)«Физика» атауы не білдіреді?
3)Физиканың мақсаты неде?
4)Астрономия пәні нені зерттейді?
5)Ғаламға нелер кіреді?
VIІ. Жаңа сабақты бекітуге арналған жаттығулар (есептер, сарамандық жұмыстар, зертханалық жұмыстар,тесттік бақылаулар:
1)Табиғат пен адам бірлігіне байланысты қандай нақыл сөздер, мақал-мәтелдер білесің?
2)Астрономия ғылымының дамуына қандай қажеттілік себеп болды деп ойлайсың?
VIIІ.Жаңа сабақты қорытындылау: Қазіргі астрономия бірнеше басқа салаларды да қамтиды. Аспан денелердің пайда болуын және дамуын зерттейтін астрономия тарамын космогония деп атайды.
IХ.Оқушының еңбегін бағалау:

Х.Үй тапсырмасы: (шығармашылық тапсырма):
Табиғат және адам. Физика табиғат туралы ғылым. Астрономия – аспан денелері туралы ғылым.
1. Табиғат пен адам бірлігіне байланысты әңгіме құрастыру;
2. «Физика» және «Астрономия» сөздеріне сөзжұмбақ құрастыру.

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама