Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 2 күн бұрын)
Табиғат аясына саяхат
Жаратылыстану
Ұйымдастырылған оқу іс - қызметінің технологиялық картасы
Білім беру саласы: Қатынас
Тақырыбы: Табиғат аясына саяхат
Мақсаты:
Білімділік: Балаларға табиғат әлемі, күзгі құбылыс туралы түсінік беру, күзгі орманмен таныстыру.
Дамытушылық: Сөздің мағынасын түсіндіріп, ойын жеткізе алуға, ой – өрісін дамыта отырып, таным деңгейлерін кеңейту.
Тәрбиелік: Ұйымшылдыққа, ұқыптылыққа тәрбиелеу.
Көрнекіліктер: күзгі ағаш, орындық, обручь, музыкалық сүйелдеме.
Сөздік жұмыс: Күз - осень - autumn, сары - желтый - yellow, орман - лес - wood

Мотивациялық - қозғаушы
І. Ұйымдастыру кезеңі.
Балалардың зейінін сабаққа аудару.
Психологиялық сәт.
Балалар біздің сынып бүгін ерекше, байқадыңдар ма?
Ал қазір балалар, көздеріңді жұмып, денелеріңді бос ұстаңдар.
Шөп сарғайып,
Өңі тайып,
Дала сұры қашады.
Бой жаза алмай,
Ойнай алмай,
Денең мұздап тонады
Айтыңдаршы балаларым
Бұл қай кезде болады?

Ұйымдастыру – ізденуші
ІІ Жаңа сабақ
Балалар бүгін біз орманға, табиғат аясына сапар шегеміз. Орман туралы не білесіндер? Орманда қалай жүру керек?

Жақсы. Олай болса орманға сапарымызды бастайық.
Үңгір, өзен және көпір деген кедергілерден өту.

Орман иесі болып киіну. Мұғалім бас киім киеді. Орманды зерттеу. Не көріп тұрғандарын айту.
Күздің сұрақтарына жауап беру.
- Қыркүйек.
- Қазан. Құстардың дауысын қосу.
Сергіту сәті. «Қорбаңдаған аю». Сергіту сәті болып жатқанда жапырақтарды түсіріп қою.
- Қараша
- Жақсы балалар ондай болса сендер қайтадан келген іздеріңмен сыныптарына қайтыңдар. Мен сендерге тапсырма әзірлеп қойдым. Сау болыңдар!

Жауапты: Алпысова Н. Н.
Табиғат аясына саяхат жүктеу

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама