Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 5 күн бұрын)
Табиғат көрінісін бейнелеу
Алға ауданы, Нұрбұлақ ауылы
Бирманов Нуржан Аманкелдиулы

Тақырыбы: Табиғат көрінісін бейнелеу
Мақсаты:
Білімділігі: Қазақстанның көркем табиғатымен танысу, табиғат көріністерін бейнелеуге үйрету.
Дамытушылығы: Оқушылардың пейзаж жанры бойынша алған білімдерін дамыту.
Тәрбиелігі: Туған табиғатты аялауға, қорғауға үйрету. Қоршаған ортаға деген экологиялық тәрбиені қалыптастыру
Көрнекілігі: плакаттар, суреттер.
Құралдар: акварель, гуашь, қылқалам, альбом, қалам
Әдісі: Түсіндіру, баяндау, сұрақ-жауап, топтық жұмыс
Түрі: плэнер
Типі: меңгерген білімдерін дамыту.
Пәнаралық байланыс: биология, география, сызу

Сабақтың барысы:
І.Ұйымдастыру кезеңі.
А) амандасу, түгендеу.
Б) жұмыс жасауға қалыпты жағдайды қамтамасыз ету.
Г) жаңа сабаққа көңіл аудару.
ІІ. Құрметті қонақтар, оқушылар ! Бүгін сіздер бейнелеу
өнерінен өткелі отырған ашық сабаққа қатысып отырсыздар.
Қазір үйірме оқушыларының сурет өнерінен алған білімдеріне
куә боласыздар.
Шіркін сурет сабағы ,
Ауылды еске салады.
Мың құбылтып бояймын,
Туып өскен даланы - деп бүгін табиғат суретін саламыз.

Ой толғаныс.
Олай болса көктем бізге күннің шуағында ала келеді.
Көктемнің кезінде жасалатын жұмыстар
мен табиғи құбылыстарды анықтайық

Практикалық бөлім: Ендеше топ болып табиғат аясында сурет саламыз.
Кубизм әдісі:сұрақ –жауап
1. Пейзаж дегеніміз не?
2. Натюрморт деген не?
3. Портрет деген не?
4. Негізгі үш түсті ата?
5. Кемпірқосақтың неше түсі бар?
6. Живописьтің графикадан айырмасы неде?

Қорытынды: Жасалған жұмыстарды көрме жасап бағалау. Жұмыс барысында табиғаттың көктемгі көрінісін бейнелеп, бояумен жылы және салқын түстердің қосындысын көрсетіп, пейзаж салынды.

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама