Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 5 күн бұрын)
«Табиғат қорғау» таңдаулы курсының бағдарламасы
«Табиғат қорғау» таңдаулы курсының бағдарламасы
Сыныбы: 5, 6, 7
Барлығы 68 сағат, аптасына 2 сағат

2014 - 2015 оқу жылы
Түсінік хат
Адамзат қоғамы мен табиғи орта арасындағы қарым - қатынас қазіргі кезеңдегі ең өзекті мәселелердің бірі болып табылады. Экологиялық жағдайдың нашарлауы қоршаған ортадағы қайтарымсыз табиғи өзгерістерге әкеліп соғып отыр. Айталық, климаттың жылынуы, өзен - көлдердің суының азаюы, мұздықтардың еруі, сел тасқындардың жиі қайталануы, биология лық алуантүрліліктің азайып, тіршіліктің жұтаңдануы және т. б. ғаламдық экологиялық проблемалар адамзат баласының болашағына деген алаңдатушылық туғызып отырғаны сөзсіз.
Курстың мақсаты: оқушылардың қоршаған табиғи ортаға адам қоғамының шаруашылық әрекеттерінің нәтижесі жайлы түсініктерін тереңдету.
Міндеттері:
1. Оқушылардың география пәні бойынша білімдерін тереңдету.
2. Оқушыларды еліміздің табиғи жағдайлары мен табиғи ресурстарына экологиялық тұрғыдан баға бере білуге қажетті әртүрлі ақпарат көздерімен жұмыс жүргізе білуге, жинақталған материалдарды жүйелеп, қорытынды мен дәйектемелер жасай білуге үйрету.
3. Планетарлық деңгейдегі біртұтастылық принципін сақтай отырып, жергілікті жердегі экологиялық жағдайлардың жалпы қоршаған ортаға әсерін көрсету.
4. Оқушыларды өз бетімен жұмыс жүргізе білуге дағдыландыра отырып, энциклопедиялық, статистикалық, картаграфиялық деректерді, ғаламтор жүйесінен алынған ақпараттарды өз бетімен өңдей білуге дағдыландыру
Курсты жүзеге асыру формалары: Жұмыс барысында оқушылар ұсынылған мәліметтер арасынан ең қажеттілерін таңдап алып, берілген тапсырмаларды орындап өз білімдерін тексереді.
Курстық нәтижелігін бақылау формалары:
Курсты қорытындылау барысында оқушылардың жұмыс нәтижелерін бақылау үшін түрлі формалар қолданылады. Атап айтқанда: рефераттар жазу, баяндамалар мен хабарламалар әзірлеу, жобалар ұсыну, тест жүргізу және т. б

Дайындаған: география пәнінің мұғалімі В. А. Қалуова

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама