Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 5 күн бұрын)
Табиғат тамашалары. Бұршақ, Кемпірқосақ. Ескен Елубаев
Тақырыбы: Табиғат тамашалары. Бұршақ, Кемпірқосақ. Ескен Елубаев.
Мақсаты: 1. Оқушыны Ескен Елубаевтың «Табиғат тамашалары» атты өлеңдерін мәнерлеп, түсініп оқуға үйрету, өлеңнің өзекті түйінді ойын ашуға жағдай жасау. Өз бетінше шығармашылықпен жұмыс істеуге баули отырып, байланыстырып сөйлеуін, шығармашылық ойлауын дамыту. Табиғатты аялауға тәрбиелеу.
Әдісі: сұрақ - жауап, талдау, іздену.
Көрнекілігі: суреттер,

Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі.
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау: Мәтіннің басты кейіпкерлерін ата.
Кино қоюшының қылығынан қандай адам бейнесін байқадың?
Сағынышты хат жазу.
ІҮ. Мақсат қою кезеңі:
1. Сабақтың мақсатын, тақырыбын хабарлау. Бүгін сабақта. Ескен Елубаевтың «Табиғат тамашалары» өлеңімен танысамыз.
Ү. Жаңа сабақ: 1 слайд
1. Алдымен, Ескен Елубаевтың өмірбаянына тоқталайық:
Жамбыл обл. Қордай ауд. «Ұлан», «Жалын», «Өнер» газет.,
Отар стансасында туған «Балдырған» журнал. бас ред. орынбасары
Ескен Елубаев
(18 ақпан 1942 жыл)
Ұлттық «Астана - Бәйтерек» конк. «Қ. Т.- 10жыл» медалімен
бірінші жүлдегері марапатталған
- Дәптерге жазып алу.
2. Оқулықпен жұмыс. Жұмбақ жасыру

Таудан топ түсті
Аяқ - қолы жоқ түсті
Бұршақтың дыбысын тыңдау. 2 - слайд

Жаңбыр жауып басылды,
Аспан шайдай ашылды.
Қызыл, сары, жасылды
Көкте бір зат асылды

Суретің көрсету 3 - слайд
Өлеңінің тақырыбы Бұршақ. Бұршақ жауғанын көрдіңдер ме?
- Өлеңдерді мәнерлеп, түсініп оқу:
- Мұғалімнің оқуы
- Оқушылардың оқуы
Сұрақтар; - Бұл өлең қандай сезім тудырады? Қорқынышты, аянышты оқу
- Бұршақ адамға айналаға қауіпті ме? Қалай? Неліктен?
- Көз алдына не елестеді? оқу
- Адам қайда отыр? Нені уайымдап отыр? оқу
- Өлеңді оқығанда қөңіл күйлерің қандай күйде болды?
Бұршақ неге жауады? 4 - слайд
2 – ші өлеңді оқу. Тақырыбын оқу. Кемпірқосақты көрдіңдер ме?
- Мұғалім оқиды
- Өлең ұнады ма?
- Балалар оқиды.
Сұрақтар - Өлең ұнады ма? Көңіл күйлерін қандай?
- Кемпірқосақтың неше түсі бар?
- Нені түсінбедім дейді автор?
- Бұл сұрақ ашық қалады?
Кемпірқосақ неден пайда болады? 5 – слайд

Бекіту. Авторға сұрақтар қою?
Сабақта не білдім?
Қорыту. Бес жолды өлең. І нұсқа Бұршақ
ІІ нұсқа Кемпірқосақ
Үйге тапсырма; Кемпірқосақтың суретің салу. Неге кемпірқосақ деп қойды?
Бағалау

Табиғат тамашалары. Бұршақ, Кемпірқосақ. Ескен Елубаев. жүктеу

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама