Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 3 күн бұрын)
Табиғат - тіршілік белгісі
Сабақтың тақырыбы: Табиғат - тіршілік белгісі
Сабақтың мақсаты: Оқушылардың табиғатпен үйлесімділік, табиғатты аялау туралы түсініктерін кеңейту.
Міндеттері: Оқушылардың табиғат тіршілік бастауы, адам табиғаттың бір бөлшегі екендігі, табиғат заңдылықтарын сақтау туралы түсініктерін кеңейту.
Оқушылардың табиғат тазалығын сақтауға, табиғаттан үндестік таба білуге үйрету. Ізгілікті, жауапкершілікті, ұқыпты болуға тәрбиелеу.
Сабақтың әдісі: Сұрақ - жауап, сөз туым, әңгімелесу, пікірлесу.
Сабақтың барысы: I. Ұйымдастыру кезеңі.
Геометриялық фигуралар бойынша топқа бөлу.

I. Балалар, бүгінгі сабағымыздың тақырыбы мына сөз туымды шешкенде шығады.
1. Қазақстандағы тау
2. Жамбыл Жабаев кім?
3. Түйенің төлі
4. Зеңгі баба қай түліктің пірі?
5. Шөптің аты.
6. Көктем айы.
7. Бұлаңдаған құйрығы,
Бір алдарлық қулығы

Тақырыбымыз «табиғат» туралы екенін анықтадық.
Ал табиғатқа не жатады екен, соны топтастырайық.
Табиғат дегенде көз алдарыңа не елестейді? Көз алдарыңа елестеген заттың суретін салу, жазу. Әр топтан суреттерін қорғау.

II. Ойланып көрейік.
Табиғаттың қандай мәселелері қазіргі таңда барша адамзатты толғандырып отыр?
- Жер бетінде табиғи апаттардың етек алып кету себебі неде?
- Табиғатты сақтап, қорғау үшін не қажет?
Видеоролик «Семей - Невада»

III. Сергіту сәті
Балалар шеңберге тұрады, берілген нұсқауға қарай орнын орын ауыстыруы тиіс.
- Ата - анасын жақсы көретіндер орын ауыстырыңдар.
- Бүгін мейірімді сөз айтқандарың орын ауыстырыңдар.
- Өзінің мектебін жақсы көретіндер орын ауыстырыңдар.
- Күнді жақсы көретіндер орын ауыстырыңдар.

IV. Шығармашылық жұмыс.
Табиғат апаттарынан сақтанудың жолдарын көрсетеін жоба ұсыну.
1 - топ. Ауаның ластануынан адамдар зардап шегуде.
2 - топ. Қоқыс қалдықтары
3 - топ. Арал теңізі.
Намазова Гауһардың Жайық өзені туралы жинаған деректері туралы хабарлама.

Жаттығу «Поезд»
Ең алдымен 1, 2 - ге саналып шығуымыз керек. 1 - нөмердегілер қолдарын
1 рет соғып, аяқтарымен еденді 2 рет тарсылдатады. Ал 2 - ші нөмердегілер 2 рет қолдарын соғып, 1 рет аяқтарын тарсылдатады, яғни поездің жүру дыбысы естіледі.
V. Инсерт. Мәтінді оқыңдар. Табиғатпен үйлесімділік туралы өз ойларыңды белгілеңдер.
I. Түйіндеме. (Ой толғаныс)
1. Табиғат - біздің басты байлығымыз.
2. Табиғатты сақтау, қамқор болу - басты міндеттеріміздің бірі.
3. Табиғатты көзіміздей сақтап, ел игілігіне жұмсауымыз керек.
4. Табиғаттың байлығын игеріп ала білу - өз қолымызда.

VII. Синквейн құру. (Табиғат, гүл)
1. Зат есім - бір сөз.
2. Сын есім - екі сөз.
3. Етістік - үш сөз.
4. Сөз тіркесі, сөйлем.
5. Синоним.

VIII. Рефлексия жазу.
IX. Жүректен - жүрекке.
Барлығымыз шеңбердің ортасына оң алақанымызды созамыз, оларды бірінің үстіне бірін қоямыз, әрі қарай сол алақандарымызды да дәл осылай біріктіреміз. Бәріміз бірге сау болыңдар деп айтамыз.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама