Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 6 күн бұрын)
Табиғатқа саяхат. П дыбысы мен әрпі
Сауат ашу
Сабақтың тақырыбы: Табиғатқа саяхат. П дыбысы мен әрпі
1 сынып
Сабақтың мақсаттары
1. 2. 2. 1 мәтінде автордың кім (не) туралы айтқысы келгенін түсіну
1. 3. 8. 1 мұғалімнің көмегімен сөз, сөйлем, мәтінді тексеру және қателерін түзету.
Ойлау деңгейлері
Білу, түсіну және қолдану: Жетістік критерийлері: мәтінде автордың кім (не) туралы айтқысы келгенін түсінеді.
Мұғалімнің көмегімен сөз, сөйлем, мәтінді тексереді және қателерін түзетеді.
Тілдік мақсаттар
Тірек сөздерді 3 тілде үйрету.
Піл – слон - elephand
Парта – парта – desk
Апа - бабушка – grandmother
Құндылықтарды дарыту: Өзара сыйластыққа тәрбиелеу, топпен жұмыс орындау арқылы достыққа, жолдастыққа тәрбиелеу
Пәнаралық байланыс: Орыс тілі, ағылшын
Бастапқы білім: Табиғатқа саяхат. П дыбысы мен әрпі.

Сабақтың басы 10 минут
(Ұ) Ұйымдастыру кезеңі.
Еркiн ұста денеңдi,
Тарсылдатпай едендi
Орнымыздан тұрып ап
Жүгiрейiк бiр уақ.
Бiр, екi, үш, бiр, екi, үш.
Аяқты алға созайық
Тiк көтерiп, қозғайық.
Тым сылбыр да болмайық
Алға қарай озбайық.
Бiр, екi, үшi, бiр, екi, үш.

Сабақтың ортасы 15 минут
№1 Оқылым
1 тапсырма: Мәтінді түсініп оқы. Сурет арқылы баяндап көр.
Жаралы кептер
Талап жаралы кептерді үйге алып келді. Жараланған жеріне йод жақты. Кептерді қорапқа салды. Алдына жем, су қойды. Талап жазылған кептерді далаға ұшырды. Көк кептер әуелеп ұшып кетті. Талап қатты қуанды.

1. Мәтінді түсініп оқиды.
2. Сурет арқылы баяндайды.
№2 Айтылым
2 тапсырма. Ойлан, тап.
Кітап қолғап дәптер піл
Доп қап парта жапырақ
1. Суреттің көмегімен П дыбысының орналасу ретін табады.
3 тапсырма. Артық сөзді табыңдар.
Көл, өзен, теңіз, дала шөл, тау, кітап.
1. Артық сөзді табады.
2. Бұл сөздің неліктен артық екенін дәлелдейді.
«әліппе әні» музыкалық әуенмен айту.

№3 Жазылым
3 тапсырма. П дыбысы мен әрпін жазу.
1. П дыбысын таниды және жазады.

«Қайназар ауылындағы №1 орта мектеп» КММ
Мұғалімнің аты - жөні: Агинбаева Г. А.

Табиғатқа саяхат. П дыбысы мен әрпі. жүктеу

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама