Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 3 күн бұрын)
Талантыңмен таныл
Ғ. Мұратбаев ауылының
№15 «Балдәурен» балабақшасының тәрбиешілері
мен күтушілері арасында өткізілетін өнер байқауының бағдарламасы
Жаманқара Гүлнәр

Тақырыбы: «Талантыңмен таныл»
Мақсаты: Өнерлі, таланттарды халық арасында насихаттау, олардың орындау шеберлік деңгейінің артуына ықпал жасау; Мерекелік көңіл - күй сыйлау, марапаттау.
Өткізілетін орын: Балабақшаның музыка залы, безендірілген сахна
Көрнекілігі: Нақыл сөздер, музыкалық күшейткіш аспаптар т. б.

Өту барысы:
1) Кіріспе (музыка ойналып тұрады.)
Шақырылған қонақтар орындарына жайғасады.
ЖҮРГІЗУШІ: Құрметті қонақтар, ата - аналар! Бүгін, көктем мерекесін өздеріңізбен бірге өнер мерекесі ретінде өткізгелі отырмыз. Мерекелеріңіз құтты болсы, қымбатты апайлар, аналар, қыздар!
Бүгінгі өткізілгелі отырған өнер сайысымыз «Талантыңмен таныл!»- деп аталады, яғни өнерлі, талантты, жан - жақты өнерпаздар біздің ұжымымызда көптеп саналады. Апайлар мен қыздарымыздың өнерлерін таныту, насихаттау, олардың орындау шеберлік деңгейінің артуына ықпал жасау - біздің мақсатымыз болып табылады. Сол себепті балабақшадағы үш топ аралығында өнер сайысын ұйымдастырып отырмыз.
Сіздерді сайыс шартымен таныстырып өтуге рұқсат етіңіздер!

Сайыс шарттары:
1. Таныстыру, газет шығару.
2. Ән сайысы.
3. Би сайысы.
4. Көрініс.
5. Тағам мәзірін жасау.
6. Топтар бір - біріне әзіл сұрақтар қояды.
Сайысқа үш топ қатысады.

1 топ құрамы: «Құлагер» (мектепке даярлық тобы)
Топта 4 адам
2 топ құрамы: «Айгөлек»(сәбилер тобы)
Топта 4 адам
3 топ құрамы: «Бәйтерек» (бөбектер тобы)
Топта 4 адам

Олай болса, Қош келдіңіздер бүгінгі мерекеге,
Әнсіз - жырсыз өмірің бір өтер ме?
Апайларды қошеметпен қарсы алайық.
Өнерпазға сахнада демеу болған
Көрерменнің ықыласына бір жетер ме? - деп, ортаға сайысқа қатысушы ұжымымыздың өнерпаздарын шақырамыз!
Қошеметпен қарсы алайық! (музыка)

Қара қылды қақ жарған әділқазы
Тура жолдан таймаса біздер разы
Әділ - қазы алқасымен танысайық
Сонан соң ән әуелер әсем сазды - дей келе, сіздерді қазылар алқасымен таныстырамыз.
Қазылар алқасының құрамы:
№91 мектептің бастауыш әдіс - бірлестігі жетекшісі:
Ата - ана:
Балабақша меңгерушісінің шаруашылық жөніндегі орынбасары:
Балабақша әдіскері:
Балабақша меңгерушісі міндетін уақытша атқарушы:

Өнерпаздар байқауын ашу үшін алғашқы сөзді -------------------- береміз.
Рахмет

Байқаудың шарты бойынша топ басшылары жеребе арқылы өздерінің шығу ретін анықтайды. Мына ноталардың кез - келген біреуін аласыз. Оның сыртында сіздің шығу ретіңіз жазылған.
(Жеребе алынады)
Ал, енді жеребе бойынша нешінші болып шығатындарыңыз анықталды. Енді өз орындарыңызға баруға болады. Сіздерге сәт - сапар тілей отырып, ортаға балабақшамыздың әдіскері Эльмираны шақырамыз. Сіздерге ізгі тілегін білдіріп, мерекелік өзінің ән шашуын ұсынады.
Ортаға №1 топты шақырамыз.
(Өздерін, газеттерін таныстырып өтеді.)

Ән – бұлақ, ешқашанда көнермеген,
Ол көзін алып жатыр өнерлі елден.
Ән десе бөбек күліп бесіктегі,
Ән айтса кәрі құлақ елеңдеген.
Ән десе селт етпейтін жан болар ма?
Әнсіз мына өмірде сән болар ма?
Бұлбұлдарды шақырамыз біз ортаға
Сайысымыздың 2 - ші шарты бойынша «Ән байқауы». Ортаға №1 топтың әншісін шақырамыз.
Орындайтын әніңіздің аты?
1. топ әні: Халық әні «Құралай». Орындайтын: Сәрсенкүл апа.
2. топ әні Е. Хасанғалиевтің әні «Әдемі - ау» Орындайтын: Жанат ( 6д 6)
3. топ әні «Қыздар - қыздар» Орындайтын: Кәмшат
Қазылар алқасының бағалары

Көрерменге қызықты ғой би деген,
Мың бұрала бишілері билеген
Талай өнер тамсандырар бұл сәтте
Енді бір сәт тыныстайық бименен - деп келесі сайысымыз «Би сайысы»
Ортаға №1 топты шақырамыз.
1. топ биі: «Курд биі» (1д 26тр)
2. топ биі: Қазақ биі: «Ақжелең» орындайтын Сәуле;
3. топ биі: «Астана» орындайтын топ мүшелері;
Қазылар алқасының бағасы: Өз ойыңызды білдірсеңіз....
Көріп отырсыздар, құрметті көрермен қауым! Біздің ұжым апайларының өнерден кенде емес екенін. Жалпы балабақшада баламен жұмыс істеген соң, кейде әртіс болуға тура келеді. Сол себепті келесі шартымыз әзіл - көріністер.
Қазылар алқасының бағасы:
(қазылар алқасының мүшесі өз ойын білдіреді.)

СОҢЫ
Жүзден жүйрік шықпай ма, мыңнан тұлпар
Жұлдыздары болашақтың әнді шырқар
Өнер айдын көгінде шарықтасын
Деп тілейміз көрінсін барлық топтар!

Осы менен мерекеміз аяқталды,
Тамамдайтын сәтіміз де таяп қалды.
Әділ - қазы алқасына сөз берелік,
Таныстырып өтсін деп жеңімпазды.

Байқау қорытындысымен таныстыру үшін сөзді әділ - қазылар алқасына береміз. (Қазылар алқасы жеңімпаздарды мақтау қағаздарымен марапаттайды)
Құрметті өнерпаздар!
Өнерлеріңіз өрге жүзсін - деп тілек білдіре отырып, мерекемізді аяқтаймыз.
Концерттік бағдарлама соңы би кешіне ұласады.

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама