Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 6 күн бұрын)
Тамыр бөлімдері
Ашық сабақ
Тақырыбы: Тамыр бөлімдері
Биология 6 сынып
Сабақтың тақырыбы: Тамыр бөлімдері.
Сабақтың мақсаты:
Білімділігі – тамыр, тамыр бөлімдері деген ұғымдардың мәнісін ашып, олардың атқаратын қызметін оқушы тұлғасына жете түсіндіру.
Дамытушылық: Оқушылардың жүйелі ойлау қабілеттерін және сабақта өздігінен жұмыс істеу дағдыларын дамытуға арналған жұмыстар жүргізу;
Тәрбиелік: Еңбекқорлыққа, шыдамдылыққа, білімді жетілдіре беруге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Сабақтың әдістері: топтық жұмыс; өзіндік жұмыс; жұптық жұмыс; интерактивті тақтамен жұмыс; дәптермен жұмыс; кітаппен жұмыс
Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта, муляж, ұлғайтқыш қол әйнегі микроскоп

Сабақ барысы:
I. Ұйымдастыру 2 минут
Оқушылармен сәлемдесу, сабаққа даярлықтарын тексеру.
Оқушылардың көңіл - күйлерін анықтау (смайлик арқылы)
Оқушыларды топқа бөлу

II. Үй тапсырмасын сұрау 4 минут
"Серпілген сауал" (сұрақ - жауап)
1. мүше деген не? (өзіндік құрылысы бар, белгілі бір қызмет атқаратын ағзаның бір бөлігі)
2. тамыр қандай мүше? (вегетативті мүше)
3. тамыр жүйесі қалай бөлінеді?(кіндік және шашақ тамыр жүйесі)
4. Тамырлар шығу тегіне қарай нешеге бөлінеді оларды ата? (3 ке негізгі, жанама, қосалқы)
5. Тамыр жүйесі дегенді қалай түсінесің?(бір өсімдікте болатын әртүрлі тамырлырдың жиынтығы)
6. Кіндік тамыр жүйесіне қандай өсімдіктер жатады? (асбұршақ, асқабақ, қауын, күнбағыс, жоңышқа т. б)
7. Кіндік тамыр жүйесі дегеніміз не?(негізгі тамыр өте жақсы жетілген. жан - жағынан жанама тамырлар тарайды)
8. негізгі, жанама, қосалқы тамырлардың жиынтығы нені құрайды? (тамыр жүйесін)
9. Шашақ тамыр жүйесі дегеніміз не?(негізгі тамыр өте нашар дамып, жуандамай басқа қосылқы тамырлармен бірдей өседі)
10. Шашақ тамыр жүйесіне қандай өсімдіктер жатады? (пияз, бидай, жүгері, арпа, тары, күріш, сарымсақ т. б)

III. Үй тапсырмасын қорытындылау 2 минут
1 топ
Сөйлемдерді толықтыр
1. Тұқымның ұрық тамыршасынан.............. дамиды. (негізгі тамыр)
2. негізгі тамырдың жан - жағынан............... таралады (жанама тамыр)
3. Сабақ пен жапырақтан................. өсіп шығады (қосалқы тамырлар)
2 топ
Сәйкестендір
Кіндік тамыр жүйесі 1 3 4 8
Шашақ тамыр жүйесі 2 5 6 7
1. қауын 2. бидай 3. жоңышқа 4. асқабақ 5. күріш 6. арпа 7. жүгері 8. асбұршақ

IY. Жаңа сабақ 10 минут
Топтық жұмыс (Джигсо әдісі)
оқушылар берілген мәтінді оқып түсіндіреді
Тамыр ұзындығына, атқаратын қызметіне қарай: тамыр оймақшасы, бөліну, сору(өсу), сору, өткізгіш деп бөлінеді.
Тамыр оймақшасы: тамыр бөліміне кірмейді. Тамыр ұшындағы өсу нүктесіне кірмейді. Тамыр ұшындағы өсу нүктесінің сыртын қаптап тұрады.
Бөліну: аймағы атқаратын қызметіне қарай сыртқы, ортаңғы, ішкі болып 3 қабаттан тұрады.
Өсу - бөлімінің жас жасушалары бөлінбейді. Ұзыннан созылып, ұзарып, тамыр ұшының топыраққа терең енуіне әсер етеді.
Пән мұғалімі: Н. Смаханова
Тамыр бөлімдері. жүктеу

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама