Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 1 апта бұрын)
Тамсандырған дала
Тақырыбы: Тамсандырған дала.
Әдебиеттік оқу 3 сынып
Мақсаты: 1. Оқушыларға әртүрлі әдіс-тәсіл арқылы мәтінді өздігінен оқып, түсініп, талдауға мүмкіндік беру.
2. туған жерге деген сүйіспеншіліктерін арттыру.
3. Туған елдің байлығын, табиғатын тереңірек танып білу, топпен жұмыс істеуге баулу.
Көрнекілік: интербелсенді тақта, кәрзеңке, бағалау кестесі, портрет.
Әдіс - тәсілі: СТО стратегиялары
Пәнаралық байланыс: дүниетану, бейнелеу өнері

Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру.
ІІ. Үй жұмысын тексеру.»Үш бақытым» өлеңін жатқа 3 - 4 бала жатқа айтады, «Менің бақытым» тақырыбына шағын эссе жазу, 2 - 3 бала оқиды.
ІІІ. Жаңа сабақ. Психологиялық ахуал. Тыныштық сәті. Музыка ойнап тұрады. Қазақстанның табиғатын суреттейтін мәтін оқимын.
- Көз алдарыңа не елестеді?
1. Қызығушылықты ояту. Тақырыпты жариялау. «Тамсандырған дала»
Ойлар себеті: - Бұл әңгіме не туралы болуы мүмкін? (Оқушылар өз ойын стикерге жазып ойлар себетіне жапсырады)
- Біз Қазақстанның далаларының атауы бойынша топқа бөлініп отырайық.
1 топ - Сыр елі 4 топ – Кереку елі
2 топ – Сарыарқа елі 5 топ – Алтай елі
3 топ – Жетісу елі
- Бұл өңірлер несімен мақтана алады екен? Мына мәтіндерді оқып шығыңдар - деп әр өңір туралы қысқаша мәтін беремін. (Оқушылар мәтінмен танысып, бұл өңірлер қазақстанның қай тұстары екенін анықтайды, яғни, оңтүстік, солтүстік, шығыс, батыс)

Толық нұсқасын жүктеу

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама