Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 1 күн бұрын)
Тәңіріме тәубә етемін
ТӘҢІРІМЕ ТӘУБӘ ЕТЕМІН.

Мен өзімді қоспаймын жамандарға,
Қайта өмірді бастауға шамам қайда.
Өкініш пен Арман көп, қолым жетпес,
Жас та келді 50 - ге амал бар ма.

Кейде бұзғым келеді қамалдарды,
Таңғалдырып жақсымен жамандарды.
Жігер күшім намысты жанығанмен,
Қайрат қайтып барады амал бар ма.

Албырт жастық алға тартып аңдатпаған,
Келер күннің күтерін ойлатпаған.
Сондадағы жаншылып күдер үзбей,
Тындыруды кей істі ойлап бағам.

Талпынамын, келер таңға аяқ басам,
Заман өтіп кетердей аялдасам.
Игі істерді бастаған, тоқтап қалған,
Ұрпаққа үлгі етердей аяқтасам.

Сонда ғана жаным менің тыныш табар,
Бар мәнісі өмірдің сонда болар.
Армансыз боп өтетін пенде болмас,
Біткен істі «болды» деп тынышталар.

Бұл жалғаннан кеткің келмес тектен тегін.
Ақталғаны абзал ғай маңдай тердің.
Ойға алған істерге қолым жетсе,
Мен жаратқан Тәңірге тәубә етемін.

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама