Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 1 күн бұрын)
Тапқыр болсаң  тауып көр
Құрметті әріптестер!
№13 «Бөбек» балабақшасына қош келдіңіздер!
Көңіл күйлеріңіз қалай? Оны білу үшін былай жасайық, жақсы дегендеріңіз бір қолдарыңызды, өте жақсы дегендеріңіз қос қолдарыңызды көтеріңіздер. Көңілдеріңіз көтеріңкі болғанына қуаныштымын.
Бүгінгі біздің семинарымыздың тақырыбы халық ауыз әдебиеті болғандықтан сіздермен «Тапқыр болсаң, тауып көр!»ойынын ойнағым келіп тұр.

1. «Суреттерді пайдаланып мақалды табайық»
А) Ананың сүті бал,
Баланың тілі бал. ( сүт, бал, тіл - суреттері)
Ә) Күннің шуағы жылы,
Ананың құшағы жылы. (Күн, ана)
Г) Жер таусыз болмайды,
Халық хансыз болмайды. (Тау, хан)

2. «Бұл не, сипатынан таны»
Ойынға екі адам шығады. Бір – біріне қарама - қарсы тұрады. Біреуі басына суретті ұстап тұрады. Бірақ өзі көрмейді. Қарсы тұрған адам ненің суреті екенін сипаттап айтады. Сипатынан танып не екенін айтады.

3. «Бұл қай ертегі?»
Ертегі суреттерін құрастырып қай ертегі екенін табады.

4. «Жаңылтпашты жаңылмай тауып айтамыз»
Слайдтағы суретті қарап соған байланысты мақалды тауып айтады.
Суда сең келеді,
Сегіз серке тең келеді.
Суға сақалы мала сілке.

Ай - ай, Айдарбай
Иір мүйіз сиырыңды,
Үйіңе айдай бар.
Құрметті әріптестер бүгінгі ойынға атсалысып, ой бөліскендеріңізге көп - көп рахмет. Осымен «Тапқыр болсаң, тауып көр» ойынымыз аяқталды.

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама