Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 2 күн бұрын)
Тапқыр достар
Оқушылардың бірінші жарты жылдықта алған білімдерінің көрсеткішін байқау. Балаларды оқуға, білімге деген құштарлығын арттыру, көпшілік ортасында өзін - өзі тәрбиелі ұстау, ұстазды, құрдастарын көре отырып, өзін тани білу; Оқушылардың логикалық ойлауын, есте сақтауын, сөздік қорын дамыту. Топпен жұмыс жасауға, бірін - бірі тыңдауға, ұйымшылдықпен әрекет етуге тәрбиелеу.

Сыныбы: 1
Тақырыбы: Тапқыр достар
Қажетті құралдар: Интербелсенді тақта, жалаушалар, түрлі - түсті қағаз, желім, плакат.
Мақсаты: Оқушылардың бірінші жарты жылдықта алған білімдерінің көрсеткішін байқау. Балаларды оқуға, білімге деген құштарлығын арттыру, көпшілік ортасында өзін - өзі тәрбиелі ұстау, ұстазды, құрдастарын көре отырып, өзін тани білу; Оқушылардың логикалық ойлауын, есте сақтауын, сөздік қорын дамыту. Топпен жұмыс жасауға, бірін - бірі тыңдауға, ұйымшылдықпен әрекет етуге тәрбиелеу.
Барысы:
Жүргізуші: Уа, халайық, халайық!
Бәріңе жар салайық,
Бүгінгі кеш төрінде
1 сыныптар ішінде
Сұрақ шешіп жарысып,
Жұмбақ шешіп аңдысып.
Шабыттасып шалқысып.
Көңілді кеш жасайық.
Ал, сайыскер балалар!
Білімдерін сынайық,
Тапқыр достар ішінен
Көшбасшысын табайық!
- Құрметті ұстаздар, оқушылар «Тапқыр достар» атты сайысқа қош келдіңіздер!
І топ 1 «А» сынып
ІІ топ 1 «Б» сынып
ІІІ топ 1 «В» сынып
Әділқазылар алқасымен таныстыру
1.
2.

Сайыс 5 кезеңнен тұрады.
1. Жылдам сұрақтар
Әр топқа 5 сұрақ қойылады.
2. Бейнелер сыр шертеді
Оқушылар көрсетілген мультфильмнің мазмұны туралы айтады.
3. Қай жемісті таңдайсың?
Жемістерге жасырылған тапсырмаларды орындайды.
4. Кімнің есінде қалды?
Естерінде қалған сөздерді теріп жазады.
5. Келші, досым, көмектесші!
Топ болып бірлесіп, саңырауқұлақ жапсырады.

1 - кезең «Жылдам сұрақтар»
І топ
1. Қазақстан Республикасының Президенті кім? (Н. Ә. Назарбаев)
2. 5+3 - тің қосындысы нешеге тең? (8)
3. Түйе сүтінен жасалатын сусынды не деп атайды? (Шұбат)
4. Жуан дауысты дыбыстарды ата (а, о, ұ, ы)
5. Жұмбақтың шешуін тап
Тұмсығымен қозғалар,
Соңында аппақ із қалар. (Бор)

ІІ топ
1. Жылқы сүтінен жасалатын сусынды не деп атайды? (қымыз)
2. 6+4 - тің қосындысы нешеге тең? (10)
3. Жіңішке дауысты дыбыстарды ата (ә, ө, ү, е, і)
4. Жұмбақтың шешуін тап
Тікен - тікен тік пісте,
Қысы - жазы бір түсте. (Шырша)
5. Біздің ауданымыз қалай аталады? (Қармақшы)

ІІІ топ
1. Қазақстан Республикасының рәміздерін атап көрсет.(Ту, Елтаңба, Әнұран)
2. Жұмбақтың шешуін тап
Табаныма байладым,
Қос таяқпен айдадым. (Шаңғы)
3. 6+2 - нің қосындысы нешеге тең?(8)
4. Сиыр төлі қалай аталады? (Бұзау)
5. Жылдың төрт мезгілін ата (Қыс, көктем, жаз, күз)
2 - кезең Бейнелер сыр шертеді
Көрсетілген мультфильм туралы әңгімелейді.

3 - кезең Қай жемісті таңдайсың?
Алма
Үй жануарларын ата
Алмұрт
Жабайы жануарларды ата
Банан
Бейне сұрақ
Шие
Сурет арқылы әңгімені тап
Құлпынай
Бұл ненің дыбысы?
Жүзім
Жасырылған затты сипап сезу арқылы табу
Ананас
Бұл заттардың жалпы атауы қалай?
Анар
Сиырдың пайдасы қандай?
Таңқурай
Бұл ертегі қалай аталады?

4 - кезең Кімнің есінде қалды?
Қой, парта, қар, ай, ешкі, қағаз, кітап, ит, сағат, шана.
Естерінде қалған сөздерді теріп жазады.
5. Келші, досым, көмектесші!
Электронды оқулықта көрсетілген қиылған мозаика құрастырады.
Топ болып бірлесіп, саңырауқұлақ жапсырады.

Қорытынды бөлім
Әділқазыларға сөз беріледі. Жеңімпаз

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама