Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 1 күн бұрын)
Тапқыр достар (сайыс сабақ)
Сабақтың тақырыбы: «Тапқыр достар»
Информатика пәнінен сыныптан тыс сабақ жоспары.
Сабақтың мақсаты:
А) Білімділік Бұрын алған теориялық білімдерді бір жүйеге келтіріп, графикалық редактормен жұмыс істеу кезіндегі практикалық біліктіліктер мен дағдыларды қалыптастыруды жалғастыру, информатика пәніне қызығушылығын арттыру.
Б) Дамытушылық: Оқушылардың логикалық және ақпараттық ойлау қабілеттерін дамыту, өз пікірін айтуға, пайымдауға талпындыру.
В) Тәрбиелік: Оқушыларды ұқыптылыққа, шапшаңдыққа, саналылыққа, компьютерлік іскерлікке тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Сайыс сабақ.
Сабақтың типі: Аралас сабақ.
Сабақтың әдіс - тәсілдері: білім - білік дағдыларын қайта жаңғырту.
Сабақтың көрнекілігі: компьютер, проектор, интерактивті тақта, MS Power Point - та жасалған слайдтар.
Пәнаралық байланыс: математика, ағылшын тілі.

Сабақтың барысы:
Сайыс сабақ 10 кезеңнен тұрады. Сайысқа 2 топ қатысады.
Қайырлы күн, құрметті қонақтар, ұстаздар мен білімге құштар жас өрендер!
«Тапқыр достар» атты сайыс сабаққа қош келдіңіздер!
«Адам байлығының ішіндегі ең тамашасы - білім»,- деген екен шығыс ғұламасы Әбу - р - Райхан әл Буруни. Ендеше, сайысымыздың барысымен танысып өтейік.

Сайыс сабағының бағдарламасы:
I. Таныстыру (Әр топ өздерін таныстыру)
II. «Келесі» ойыны (Сұрақтар қою)
III. Сөзжұмбақ шешу
IV. «Қатені тап» ойыны
V. Ребустар
VI. «Ұшқыр оймен» (Берілген әріптерден сөз құрастыру)
VII. «Ойлан, тап!»
VIII. Кодтау
IX. Қылқалам сыры (Сурет салу)
X. Қорыту. (Топты марапаттау)

Ойынымыздың алдында білім сайысының әділ мүшелерімен таныс болыңыздар. (Әділқазылар алқасының төрағасы және мүшелерімен таныстыру).
1 - бөлім. «Таныстыру»
Алдарыңызда өз білімімен, ақыл - ойымен, ерекшеленген әр топтың білімді оқушылары. Ендеше кезек оқушыларда (Әр топ өз аты мен ұранымен таныстырады).
I. «Алғырлар» тобы:
Ұраны:
Болашақтың ұрпағымыз алғырлы,
Сайыста көрсетпекпіз мектепте алған білімді.
II. «Тапқырлар» тобы
Ұраны:
Тапқырлық таныту мақсатымыз,
Біліммен шықсын тек жақсы атымыз.

2 - бөлім. «Келесі» ойыны.
«Білім - біліктілікке жеткізер баспалдақ, ал біліктілік - сол білімді іске асыра білу дағдысы», деген ұлы ұстаз Ахмет Байтұрсыновтың сөздеріне сүйеніп, «Келесі» атты 2 - бөлімді бастайық.
Шарты: әр топқа 6 сұрақтан қойылады. Жауабын білмесеңдер, «Келесі» деп айтасыңдар, сол кезде сұраққа келесі топтың сайыскерлері жауап береді. Әр дұрыс жауапқа топқа 5 ұпайдан қосылады.
«Алғырлар» тобына:
1. Ақпараттың ең кіші өлшем бірлігі (бит)
2. Сурет салуға арналған программа (пайнт)
3. Қарапайым есептеулер жүргізетін программа (калькулятор)
4. Компакт - дискіні оқуға арналған программа (CD - ROM)
5. Масштаб құралының қызметі (суреттің үзінділерін үлкейту)
6. 1 байтта неше бит бар? (8)

«Тапқырлар» тобына:
1. Екілік жүйесінің сандары (0, 1)
2. Адам мен компьютердің қарам - қатынас тілі (интерфейс)
3. Компьютердің «миы» (процессор)
4. Paint графикалық редакторының терезесінің элементтері (тақырып жолағы, меню жолы, құралдар жиыны, сурет салу алаңы, түстер палитрасы).
5. Жазу құралының қызметі (сурет ішіне мәтін орналастырады)
6. Дүниежүзілік компьютер арасындағы байланыс (интернет)
3 - бөлім. Сөзжұмбақтар шешу
- «Білекке сенген заманда - ешкімге есе бермедік,
Білімге сенер заманда қапы қалып жүрмейік», - деген Абылай ханның ойлы сөзімен келесі бөлімімізге көшейік.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама