Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 9 сағат бұрын)
Тапқыр қыз

Дулат шымыр руынан Керімбай болыс ел аралап, бір шаруаның үйіне келеді. Сол үйдің қызының шашына таққан шолпысы ұзын болса керек.

Керімбай қызға әзілдеп:

— Мына байқұсты шолпысымен өргізгенде не жазығы бар? — дейді.

Сонда қыз:

— Мұның жазығы мен елді жүндей түтіп, елді борлықтай сорып жүрген болыстардың жазығын айта көрмеңіз, — депті.

Сонда Керімбай болыс әлгі үйден кеткенше қызға бір ауыз сөз айта алмапты.


You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама