Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 1 күн бұрын)
Тәрбие сағаттары топтамасы
Топтамадағы тәрбие сағаттар тізімі:
1. Жирен жаман әдеттен (ашық тәрбие сағаты)
2. Зиянды әдеттерден сақтанайық
3. Басты бағдар – құқықтық сауаттылық

Мақсаты:
• Салауатты өмір салтын түсінуге, оны қалыптастыруға көмектесу;
• Темекі тарту мен ішімдік ішудің алдын алу;
• Психологиялық қиындықтармен, өмірде кездесетін күрделі жағдайлармен күресе алатын, өз бетінше шешім қабылдай алатын психикасы дұрыс тұлға, азамат қалыптастыру;
Жауапкершілік сезімге тәрбиелеу, сайыста жеңіп шығуға талпындыру.
Салауатты өмір салтын сақтарсың,
Егеменді ел сенімін ақтарсың.

Ізгі жанды, текті ұрпақты баптарсың.
Армысыздар, құрметті ұстаздар мен оқушылар! Бүгінгі «Маскүнемдік, темекі тарту - әлеуметтік, медициналық мәселе» атты сайысымызға қош келдіңіздер.
Сайыс кезеңдері:
1 - кезең. Ұяшықтардағы сұрақтарға жауап беру.
2 - кезең. Көкпар.
3 - кезең. Кестені толтыру.
4 - кезен. Шешендер сайысы.
5 - кезең. Сергіту сәті.
6 - кезең. Кім зерек? Сұрақ - жауап.
Сайыстың сарапшылары әділқазылар алқасымен таныстырып өтсек.
Жасөспірімдердің темекі тарту мен ішімдік ішуінің себептері:
• Қызығушылық;
• Топтан бөлінбеу;
• Өз - өзіне сенімді болу;
• Кино, жарнама, теледидар әсері;
• Уақыттың бостығы;
• Өз - өзін жеңе алмау.

Темекі тартудан туындайтын аурулар:
Туберкулез
Созылмалы бронхит,
Өкпе мен көмейдің ісік ауруы,
Тамырдың тарылуы, инфаркт,
Пародонтоз,
Созылмалы гастрит, асқазан мен ішектің жарасы.
Жүйке жүйесінің шаршауы.
Алкоголь ішімдігін ішуден пайда болатын аурулар:
Есту қабілеті төмендеп, ми жасушалары зақымданады.
Жүрек, қан аурулары, инфаркт
Гепатит, цирроз, гастрит
Адам тез қартаяды.
1 - кезең
Жұмбақтар тақырыбының сұрақтары:
10 ұпай - Түтін болып кіреді,
Күркіл болып жүреді (темекі)
20 ұпай - Ұзын мұртты сарылар,
Қойнында наны бар. (бидай)
30 ұпай - Сырты жаман, іші жын,
Абыройын түсіреді кісінің. (арақ)
40 ұпай - Қалың киімді ұнатады,
Шешіндірсең жылатады. (жуа)
50 ұпай - Бұл өсімдік суыққа қарсы, аурудың алдын алуға жақсы көмектеседі, исі өткір. (пияз бен сарымсақ)

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама