Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 1 күн бұрын)
Тәрбиеге байланысты менің көзқарасым
Тәрбиеге байланысты менің көзқарасым

Адамды тәрбиелеу – демек оның ертеңгі қуанышқа ие болатын келешек жолын тәрбиелеу (А. С. Макаренко)

Жас ұрпақты тәрбиелеу жүйесі заман талабына сай қоғамдық өмірде болып жатқан ұлы өзгерістерге байланысты. Қазіргі қоғам үйлесімді жетілген жаңа адамды тәрбиелеуді талап етіп отыр.
Қоғам талабы – заман талабы, өйткені «Әр адам – өз заманының баласы», «Туа жаман жоқ, жүре жаман бар», «Заман түзелсе, жаман түзеледі» деп халық педагогикасы тәрбиенің заманға, қоғамға, оның материалдық, рухани байлығына тәуелді екенін дөп басып жеткізген.

Педагогтік шеберлік пен тәрбие беру өнерін меңгеруге үлкен мән берген, оқу – ағарту саласындағы аса ірі қайраткер, әлемдік педагогика тарихының төрінен орын алатын тамаша педагог А. С. Макаренко «Менің тәжірибем туралы» баяндамасында «Тәрбие бере білу – өнер» деген құнды түйін жасады.

Жас адамды есті, саналы, сергек етіп тәрбиелеу отбасы мен қоғамдық тәрбие орындарының бірден - бір парызы. Өйткені, «Ес түзелмей, ел түзелмейді» олай болса, егеменді еліміздің болашағы отбасында тал бесіктен басталып, оқу – тәрбие орындарында есті ұрпақты тәрбиелеу ісімен шешілмек.

Жас ұрпаққа тәрбие берудің әдіс - тәсілдері мен формалары, өзінше бір үлкен маңызды да көп түрлі әлем (сыныптағы және сыныптан тыс жұмыстар, ата - ана, жұртшылық тәрбиесі, т. б.)
Ал біз өткелі отырған мәселе – оқыту үрдісіндегі, яғни сынып шараларында өткізілетін тәрбие жайында болмақ. Бұл үрдіс, әрине «Тәрбие берудің кешенді бағдарламасы» арқылы жүзеге республика, облыс, аудан көлеміндегі нәтижелерін көрсету арқылы дәлелденеді.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама