Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 1 күн бұрын)
Тарих қадамдары
Оңтүстік Қазақстан облысы,
Түркістан қаласы, "Майдантал" жалпы орта мектеп КММ
Тарих пәні мұғалімі Қамбарұлы Дархан

Тарих қадамдары (9 - кластар)
Мақсаты:
Білімділік: Интеллектуалдық сайысқа қатынасушы оқушылардың тарихи білімдерін дамыту.
Дамытушылығы: Қазақ тілі, Қазақстан тарихы пәндеріне қауымның қызығушылығын арттыру, шығармашылық қабілеттерін нығайту, тарихи зерделілік, зияттылық қасиеттерін дамыту.
Тәрбиелігі: Қазіргі заман талабына сай күнделікті теледидардан көрсетіліп жүрген танымдық бағдарламаларды негізге ала отырып, оқушыларды қоғамдық жаңалықтардан және өзгерістерден тыс қалмауға баулу.
Өткізілу формасы: ХХІ ғасыр көшбасшысы интеллектуалдық бағдарлама негізінде.
Көрнекілігі: Білім туралы даналық сөздер жазылған плакаттар, шармен әсемделеді.

Ашылу сәті.
Жүргізуші: Елбасымыз Н. Ә. Назарбаев: «Біз өмір бойы жететін білім моделінен, өмір бойы білім алу моделіне көше алуға тиіспіз»- деп білімнің маңызын айрықша жоғары бағалаған.

Ендеше, құрметті жас достар! Білім мен ғылым бәсекесі туындаған ХХІ ғасырдың, тәуелсіз, егеменді еліміздің болашақ көшбасшылары білім додасына қош келдіңіздер.
Құрметті қонақтар, ұстаздар және оқушылар егемендігіміздің 22 жыл толуына байланысты өткізілетін мектепішілік «Тарих қадамдары» атты тарихи танымдық сайысымызды бастауға рұқсат етіңіздер.

Олай болса «Тарих қадамдары» ойынына қатысатын оқушыларды ортаға шақырамыз.

Енді әділқазылар алқасымен таныстыруға рұқсат етіңіздер.
1.
2.
3.

Сайысымызды білімі мен тапқырлығымен сыналатын қатысушыларымызбен таныстырар болсақ.
№1.
№2
№3
№4
№5
№6

Ал енді сайысымыздың өту барысымен таныстырайық:
1. Бәйге бөлімі. Оқушылар сұрақтарға жауап береді. Әр сұраққа 10 ұпай.
2. Тіл - өнер. Оқушылар сұрақтарға жауап береді, жауаптың орысшасын, шет тіліне аударады.
3. Қасиетті жетілік. Киелі «жетіге» және «үш» санына байланысты сұрақтар қойылады.
4. Көкпар бөлімі. Жұмбақ сандардың астындағы сұрақтарға жауап береді.
5. Жорға. Жеңіп шыққан екі оқушы сайыскерге қойылатын сұрақтар.

Ендеше, құрметті сайыскерлер, ағартушы ғалым Ыбырай Алтынсариннің «Бір Аллаға сиынып, кел балалар оқылық» дегеніндей, «Бір Аллаға сиынып, кел жас достар сайысымызды бастайық».
Сайысымыздың бірінші бөлімі «Бәйге» деп аталады. Мұнда әрбір сайыскерге 5 сұрақ қойылады. Әрбір дұрыс жауапты құрметті әділқазылар алқасы 10 ұпайға теңестіреді.
1 - сайыскерге қойылатын сұрақтар.
1. Қазақ хандығының 1456 жылы негізін салушы хан? /Керей хан/
2. Абайдың шын есімі./Ибраһим/
3. Мемлекет дегеніміз не?
4. ҚР жер көлемі қанша?
5. Қазақстан қай жылы тәуелсіздігін алды?
2 - сайыскерге қойылатын сұрақтар.
1. Қазақта тұңғыш генерал атағын алған және мектеп ашқан кім?/Жәңгір Бөкейұлы 1801 - 1845ж/
2. «Құтты білік» дастанын 30 жыл дайындап, бір жарым жылда жазып шыққан қай ғалым?/Ж. Баласағұн./
3. Қоғам дегеніміз не?
4. Тәуелсіз Қазақстанды ең алғаш таныған мемлекет?
5. ҚР шекарасының жалпы ұзындығы қанша шақырым? /3000/
3 - сайыскерге қойылатын сұрақтар.
1. ҚР - да «Халық қаһарманы» және Ғасыр адамы жоғары атағын иеленген қайраткер?/ Т. Әубәкіров/
2. Адам анықтамасы.
3. Қазақстанда қанша облыс бар.
4. Қазақстанда қанша ұлт өкілдері тұрады?
5. Қ. Рысқұлбековке қай жылы Халық қаһарманы атағы берілді?/1996/
4 - сайыскерге қойылатын сұрақтар.
1. Қазақта тұңғыш дүниежүзі чемпионы атағын алған палуан кім?
2. 1912 жылы қазақ әліппесін жасаған және алғаш оқу құралын жазған кім?
3. ҚР қандай мемлекеттермен шектеседі.
4. Құқық дегеніміз не?
5. Адам құқықтарының жалпыға ортақ декларациясы қай жылы қабылданды?
5 - сайыскерге қойылатын сұрақтар.
1. ҚР Конституциясына сәйкес басқарудың қандай формасы бекітілген.
2. Тұлға дегеніміз?
3. Мемлекеттік тудың авторы кім.
4. Қазақстан оңтүстігінде қандай елдермен шектеседі?
5. Қазақстан БҰҰ қай жылы мүше болды?
6 - сайыскерге қойылатын сұрақтар.
1. Қасым ханның қасқа жолы қанша бөлімнен тұрады.
2. Жеті жарғы дегеніміз не?
3. Мемлекеттік биліктің бастауы.
4. Мемлекет типі жағынан нешеге бөлінеді.
5. Қоғамдық қатынастар дегеніміз не?

Әділқазылар ұпай санын айтып өтсін.

Сайысымыздың келесі бөлімі «Тіл - өнер» деп аталады. Мұнда тарихи терминологияларға қатысты сұрақтар қойылады. Жауапты кім бірінші болып тапса, сол сайыскер бұл сөздің орысша және шет тіліне аудармасын табады. Әрбір дұрыс жауап - 10 ұпай, орысшаға дұрыс аударса 20 ұпай, шет тіліне аударса - 30 ұпай.

1. Екі немесе одан да көп мемлекеттің әскери күштерінің немесе бір мемлекеттің ұйымдастырылған қарулы топтарының арасындағы ұзаққа созылған ұрысы қалай аталады?
(соғыс - война.)
2. Тұрақты халқы, нақты аймағы, басқару механизмі айқын, басқа елдермен қарым - қатынас жасай алатын, білікті жүзеге асырушы заңды түрде құрылған адамдар бірлігі қалай аталады?
(мемлекет - государство -)
3. Қоғамдық қатынастарды реттейтін негізгі ұстанымдар мен нормаларды бекітетін нормативтік - құқықтық акт? (заң - закон.)
4. ІІ Дүниежүзілік соғыстың кезінде антигитлерлік коалицияға ұйытқы болған мемлекеттер КСРО, Қытай, АҚШ, Ұлыбритания, Франция арасындағы бейбітшілікті қолдау мен нығайту мақсатында құрылған халықаралық ұйымы? (БҰҰ - Организация Обьединенных Нации)
5. Терісінің түсіне, бет әлпетінің ерекшеліктеріне, шаш құрылымына, сөйлеуіне өзге де ұлттық ерекшеліктеріне қарай адамдар тобын кемсіту қалай аталады?(нәсілшілдік - расизм)
6. Саяси қарсыластарға қарсы қолданатын саяси бақылау, қадағалау, заңсыз түртпектеу саясаты қалай аталады? (қуғын - сүргін - репрессия)

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама