Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 5 күн бұрын)
Тарих сабағындағы материалдарды меңгертудің тиімді жолдары
Тарих сабағындағы материалдарды меңгертудің тиімді жолдары

Жалпы білім беретін мектеп – баланы үлкен өмірге жетелеуші бағбан. Бүгінгі таңдағы мемлекетіміздің стратегиялық маңызды бағыттарының бірі - білім беру саласын жетілдіру. Ұлттың рухани тәуелсіздігі мен қауіпсіздігін сақтап қалатын да, қорғайтын да, келешек асуларға бастайтын да - жүйелі білім. Бүгінгі жаһандану заманындағы біздің басты нысанамыз - өркениет деңгейіндегі тәуелсіз мемлекеттің рухани өсуі тұрғысынан тәуелсіз, озық білім үлгілерімен қаруланған жастарын тәрбиелеу. Елбасының 2030жылға дейінгі стратегиялық даму бағдарламасында да келешек ұрпақты біліммен сусындату негізгі мақсаттың бірі ретінде бірі ретінде аталды.
Елдің ертеңгі иесіне тарихи - танымдық, экономикалық сауатты білім беретін бірден - бір пән – тарих. Жалпы тарих ғылымы – ұлттың, елдің тәуелсіздігінің тірегі. Әлемдік қауымдастықтағы Отан тарихын білу үшін әрбір бала қандай білім көзінен нәр алуы керек? Бұл сұрақты өзіме қоя отырып, келешектегі яғни ХХІ ғасырдағы қазақ мектебіндегі оқушылардың тарих пәнінен білімді терең жетік меңгеруі үшін төмендегі жағдайлар ескерілсе деймін:
а) Оқу – материалдық база;
ә) Мектеп - денсаулық;
б) Рухани - психология;
в) Бұқараландыру және т. б. жағдайлар болуы керек.

Тарих пәні бойынша қажетті оқу - материалдық базасында.
1. Талапқа сай жабдықталған кабинеті;
2. Пәнді оқытуға қажетті электрондық оқулықтары:
2. 1. Әдістемелік оқулықтары;
2. 2. Техникалық құралдары;
2. 3. Тақырыптық карталары;
2. 4. Иллюстрациялық суреттері;
2. 5. Оқушылар үшін көркем әдебиеттері жаңа үлгіде болуы шарт.

І. Тарих пәнінің және әр сабақтың негізгі мақсатын айқындау.
Оқушыларда адамзат қоғамының ежелгі заманнан бүгінгі күнге дейінгі даму тарихынан жүйелі білім негіздерін қалыптастыра отырып, дүниеге ғылыми көзқарасына дамыту, адам жинаған әлеуметтік, рухани тәжірибесін меңгерту.
Сабақтың мазмұнын жақсарту тәсілі ондағы ең кереметті бөліп алуға көңіл аударуды қалайды. Білім негізден (өзектен) және мәліметтер қабығынан тұрады. Сабақтың білімдік негізгі - мақсатты айқындау. Мақсат толық ашылмаса нағыз жетілдірілген бағдарлама да көмектесе алмайды.
Тарих пәнінде оқыту объектім -«Табиғат. Адам. Қоғам.» Мектептегі тарих пәні бүкіл тарих ғылымын тұтас қамти алмайды. Сондықтан да оқушылардың жас ерекшеліктері мен дайындық дәрежелерін ескере отырып білім беру, тәрбиелеу, дамытушылық жағынан ең маңызды деректер, оқиғалар, құбылыстар, тарих үрдістер, тарихи - ғылыми ұғымдарды іріктеп алып отырамын.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама