Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 2 күн бұрын)
Тарихи жұмбақтар
Қарасу ОЖББМ оқушысы Нұрлан Зарина Думанқызы
Жетекшісі: Жұмашева Айдана

Тарихи жұмбақтар
1. Жиынға жиналыпты бүгін бәрі
Сұрақты қояйық біз сөздің нәрі
Ежелде түрік бабам жазған жазу
Атауын қалай екен білсең кәні
(руна)

2. Оқушы болсаң жақсы, жылдам зерек
Ондайлар Отаныма өте керек
Тәуке хан жазған екен заң жинағын
Тапсаңдар болғандарың асқан зерек
(Жеті жарғы)

3. Қазақтар небір жандар қыршын болды
Солардың арқасында шынындай бақыт қонды
Серігін Исатайдың айтсаң етті
Бүгінгі жиынымыз сонда бір, болар жөнді
(Махамбет)

4. Мерекең құтты болсын ұстаздарым
Оқушы келім - кетті бар достарым
Тәуелсіздік заңының қабылданған
Жылын тап мықты болсаң біз тосалық
(1995 жыл)

5. Кең байтақ жеріміз бар құшақ жетпес
Қаптаған елді - мекен саны жетпес
Облыстың санын айтшы елімдегі
Егер де білмей қалсаң дымың кетпес
(14)

6. Орынбор болған екен астанамыз
Кейіннен Қызылорда бас қаламыз
Үшінші астананы ел көркейткен
Аташы көп ойланбай қалт қаламыз
(Алматы)

7. Байқоңыр бар деп бізде мақтанамыз
Көп жылдар ұша алмадық ғарышқа біз
Ғарышқа тұңғыш ұшқан қазақ ұлын
Білмесең ұят болар, болмас негіз
(Т. Әубәкіров)

8. Дұрыс ел ойлайды екен бесігінен
Зұлымдық аттамағын кет әрі есігімнен
Студентке білім ал деп шетелдерден
Жол ашқан бағдарлама қандай екен?
(Болашақ)

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама