Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 3 күн бұрын)
Тәуелдеулі зат есімдердің септелуі
Сабақтың тақырыбы: Тәуелдеулі зат есімдердің септелуі. С. д.
Сабақтың мақсаты: Оқушыларға тәуелдеулі зат есімдердің септелуін түсіндіру, зат есімнің жай түрі мен тәуелдеулі түрінің септелуін салыстыру арқылы өзгешеліктерін байқату. Сауатты жазуға дағдыландыру. Ұйымшылдыққа, ұқыптылыққа, бір - бірінің пікірін құрметтеуге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: жаңа сабағы.
Сабақтың типі: Жаңа білімді меңгерту.
Сабақтың әдіс – тәсілдері: Топпен жұмыс, сұрақ – жауап, ой қозғау.
Сабақтың көрнекіліктері: Септіктер кестесі, шығармашылық тапсырмалар, бағалау парағы.

І. Ұйымдастыру кезеңі.
Мейірімді жүрекпен,
Ақ пейілді тілекпен
Амандасып алайық,
Бір жадырап қалайық.
Псих. жатт.
Қуанасың сен де
Қуанамын мен де
Қуанайық достарым
Арайлап атқан күнге.

ІІ. Үй тапсырмасын пысықтау:
- Қазақ тіліне тән неше септік бар?
Зат есімнің септік жалғаулары
Тест
1. Септік жалғаулары...
А) заттың көптігін білдіру үшін
Ә) сөздерді бір - бірімен байланыстыру үшін керек
Б) заттың біреуге тән екенін білдіреді
2. Мына сөз қай септікте тұр? Оқушыдан
А) атау септік
Ә) ілік септік
Б) шығыс септік
3. Септік жалғауларын атаңдар:
А) - лар, - лер, - дар, - дер, - тар, - тер
Ә) - ым, - ім, - ың - ің, - ыңыз, - іңіз, ы, і.
Б) - ның, - нің, - дың, - дің, - тың, - тің,- ға, - ге, - ды, - ді
4. Мына сөз қай септікте тұр: Гүлге
А) ілік септік Ә) шығыс септік
Б) барыс септік
5. Сөйлемді дұрыс толықтырыңдар: Сара... жинады.
А) оқушыға
Ә) төсекті
Б) құсты
Тапсырмалар.
Сөздерді оқып, топта. Топтаған сөздеріңнің бір - бірінен айырмашылығын түсіндір.
Кітап, Әсеттің, ауылға, оқушылардың, дорба, тайға, мектепке, көзінің, парта, кітапты, Әселді, ертегіні, Саяттың, қалам, гүлді, сабаққа, қалада, мектепте, табақта, шөлде аспаннан, дәмнен, жаңбырдан, өрістен, Бекзатпен, шалғымен, ықыласпен, кітаппен.

Тәуелдеулі зат есімдердің септелуі. жүктеу

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама