Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 2 күн бұрын)
Тәуелдеулі зат есімнің септелуі
Қазақ тілі 4 сынып
Сабақтың тақырыбы: Тәуелдеулі зат есімнің септелуі.
Сабақтың мақсаты: Оқушыларды тәуелдеулі зат есімдердің септелу жолдарымен таныстыру;
Сөйлем ішінен сұрақ қою арқылы септеулі зат есімдерді таба білу;
Тұрақты сөз тіркестерінің мән - мағынасын ашу;
Оқушылардың сауатты, көркем жазу дағдыларын жетілдіру;
Ұқыптылыққа, шығармашылыққа тәрбиелеу;
Сабақтың көрнекілігі: деңгейлік тапсырмалар жазылған карточкалар, суреттер, кестелер;
Сабақтың түрі: Аралас сабақ.

Сабақтың барысы:
1) Ұйымдастыру сабағы:
Психологиялық дайындық.
2) Өткен материалды еске түсіру.
А) Деңгейлік тапсырмалар.
1 - деңгей
«Дәптер» сөзін септеу.
2 - деңгей
Суреттермен сөйлем құрап, септеулі зат есімді табу.
3 - деңгей
Сөздерді сәйкестендіріп, сөз тіркестерімен сөйлем құрау.
Ә) Өткен сабақты бекіту.
1 - қатар 2 - қатар 3 - қатар
7 септікті атау 7септік сұрақтары 7септік жалғаулары
3) Жаңа сабақ
«Кім тапқыр» ойыны.
Мына әріптерді орнына қойсаң жаңа тақырыптың аты шығады.
Жаңа тақырып: «Тәуелдеулі зат есімнің септелуі»
4) Дәптермен жұмыс
Көркем жазу ТТТТТ тттттт
Тайға таңба басқандай - өте анық, беп - белгілі.
5) Метаграмманы шешу.
Метаграмма дегеніміз жұмбақтың бір түрі, әуелі метаграмманың шешуінің бір сөзі шығып,
оған бір әріп қосылады немесе бірнеше әріптердің орындары ауыстырылып, жаңадан сөз
шығады.
Шешуі: сабақ
6) Интерактивті тақтамен жұмыс.
Сабақ сөзін тәуелдеу.
Менің сабағым Біздің сабағымыз
Сенің сабағың Сендердің сабақтарың
Сіздің сабағыңыз Сіздердің сабақтарыңыз
Оның сабағы Олардың сабақтары
7) Оқулықпен жұмыс
355 – жаттығу (тақтада сөздерді тәуелдеп жазу)
8) Сергіту сәті

Тәуелдеулі зат есімнің септелуі. жүктеу

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама