Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 3 күн бұрын)
Тәуелсіз еліме 25 жыл!
Тәуелсіз еліме 25 жыл!
Ұлан - байтақ неткен жер!
Дәнді - дақыл еккен жер.
Жеттік міне арманға
Қазақстан - Ерікті ел!

Талай боздақ өткен жер,
Маңдай терін төккен жер.
Тәуелсіздікке қолы
Қиындықпен жеткен жер.

Өзіңде бар Елбасы
Туыңда бар, әрине
Елтаңбаң бір ертегі
Әнұраның тәрбие.

Енді қанат жаялық
Қыран құстай самғайық.
Туымызбен тұғырлы
Бірге желек қағайық.

Егеменді ел болдық
Ел намысын сақтайық.
Қазақстан байлығын
Бөтен елге сатпайық!

Салт - дәстүрін қазақтың
Жаңғыртайық, жасайық!
Үлгі етіп ұл - қыздарға
Үлкен үміт артайық.

Тілді сыйлап, шұбарлатпай
Қастерлейік халайық!
Қазақ тілін дамытуға
Күшімізді салайық!

25 жыл міне, толып отыр,
Егеменді еліме.
Өрт салмасын бөтен елдер
Атамекен жеріме.

Аңсап күткен бұл тойымыз
Құтты болсын бәріңізге
Ұзақ ғұмыр, бірлік, табыс
Тілеймін жас - кәріңізге.

Садуова Әдемі Сәлімқызы 1976 жылдың 20 тамызында Солтүстік Қазақстан облысының қазіргі Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның Мұқыр ауылында дүниеге келдім.
І санатты бастауыш сынып мұғалімімін. 20 жыл еңбек өтілім бар. Отбасым, бала - шағам бар.
Қазірде Айыртау ауданының Антоновка селосында жұмыс істеймін.

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама