Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 1 апта бұрын)
Тәуелсіз еліммен мақтанамын!

Зинелова Нұрай Нұрлыбекқызы

                                                           Тәуелсіз еліммен мақтанамын!

Тәуелсіздік еді көптің қалауы,

Жастық шақтың жалындады алауы.

Ағалар мен апалардың ерлігі-

Еркіндіктің желбіреген жалауы!

 

Биік болсын шаңырағың күмбезді,

Дарытпасын Алла саған тіл-көзді.

Осы менің  азат елім айбынды,

Татулықтың тасын өрге жүргізді.

 

Береке мен бірлік болған ұраның,

Мен осындай азат елде тұрамын.

Бақыттымын деп санаймын өзімді,

Арналады азат елге жыр-әнім.

 

Сондықтан да көтеріңкі көңілім,

Гүлге оранып құлпырады өмірім.

Елін сүйер ерлеріміз көп болып,

Тәуелсіздік ұзақ болсын өмірің.

 


You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама