Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 2 күн бұрын)
Тәуелсіздік – адамзаттың бақыты!
Тәуелсіздік – адамзаттың бақыты!
Мақсаты: Балаларға тәуелсіздік туралы түсіндіру. Қазақстан Республикасының басты жетістіктерімен таныстыру, патриоттық, отаншылдық сезімін ояту, елін, жерін, құрметтеуге тәрбиелеу.

«Алға Қазақстан» флешмоб
Жүргізуші: Айнұр
Қазақстан – сан ғасырлық тарихы бар,
Қазақстан - бұл азат ел танысыңдар.
Көк байрағы, елтаңба, әнұраны,
Қазақ елі егеменді, сан ұлты бар.

Мұғалім: Армысыздар, құрметті оқушылар, ұстаздар, ата - аналар! Еліміздің тәуелсіздік күні баршаңызға құтты болсын!
Тәуелсіздік - ең басты құндылығымыз. Тәуелсіздікке қантөгіссіз, бейбіт түрде қол жеткізгеннен кейін ғана елімізді әлемнің өркениетті мемлекеттерінің қатарына қоса алдық. 25 жыл ішінде тәуелсіз Қазақ елін қалыптастырып, нарықтың қиын өткелдерінен аман өткізіп келеміз. Осы кезеңде Қазақстанды дүние дидарындағы ең мықты мемлекеттер танитындай, сыйлайтындай деңгейге жеткізген тұңғыш Нұрсұлтан Назарбаевтай көреген саясаткердің ерен еңбегін дәл бүгін және әрқашанда айтып өтеміз.
Тәуелсіздік күні еліміздің барлық азаматтары үшін орны ерекше мереке деп білеміз. Себебі, осынау жүрекжарды қуанышқа толы күнді ата - бабаларымыз ғасырлар бойы армандап, күтумен өтті.
Мемлекетіміздің өсіп - өніп, шыңға жетіп өркендеуі – біздің жетістігіміз, сондықтан бүгінгі 2 «а» сыныбында «Тәуелсіздік – адамзаттың бақыты» атты шарамызды ашық деп жариялаймыз!

Жүргізуші: Әлихан
Күндер өтті кешегі,
Жігер құм боп жасыған.
Несіне оны жасырам?
Әнұранымыз бүгінгі,
Баға жетпес асыл ән.
Қазақстан Республикасының мемлекеттік Әнұраны орындалады.

Жүргізуші: Айнұр

Тәуелсіздік – бұл менің Парасатым,
Күншілмен де тіл тауып жарасатын.
Қорғайтын Елдігіңді ерлігімен,
Қазақтың шығаратын Алаш атын.
Мұғалім:
Барша қазақстандықтар үшін тәуелсіздіктің мәні де, маңызы да айрықша. Өйткені біз тәуелсіздіктің арқасында тарихымызды түгелдеп, тілімізді, дінімізді қайта оралттық. Мемлекетіміздің ұлттық рәміздері қабылданып, ұлттық салт - дәстүрімізді жандандырдық.

Ерлан:
16 желтоқсан – тәуелсіздік алған күн,
Ерекше боп ел жадында қалған күн.
Жасай берсін ұлы күн үміті боп елімнің,
Желбіресін көк туы - нағыз көркі жерімнің!
Мәңгі болсын, баянды болсын
25 жыл ғұмырың!
Құтты болсын, мықты болсын
Тәуелсіздік тұғырың!

Гүлназым
Тағдырыңды тамырсыздық індетінен қалқала,
Әр адамда өз анасынан басқа да,
Жебеп тұрар, демеп тұрар арқада
Болу керек құдіретті төрт АНА.
Туған жері - түп қазығы, айбыны,
Туған тілі - сатылмайтын байлығы,
Туған дәстүр, салт - санасы, тірегі,
Қадамына шуақ шашар үнемі.

Мұғалім:
1991 жылы 16 желтоқсанда - Қазақстан өз Тәуелсіздігін жариялады.
Алматы - Тәуелсіздіктің бастауы. 1986 жылы жастар өздерінің демократиялық құқықтарын қорғау үшін алаңға шықты. Қазақ елінің азаттық көктемі үшін, солақай саясатқа қарсы тұрған, алғаш рет бас көтеріп, құрбан болған ұлдарымыз жайлы сыр шертпекпіз. Ол оқиғаны ешбір қазақ азаматы ұмытуға тиіс емес. Тәуелсіз мемлекет атануымызға Қайрат Рысқұлбеков, Ербол Сыпатаев, Ләззат Асанова, Сәбира Мұхамеджанова сияқты үлкен азаматтардың. Ерліктерінің арқасында қол жеткіздік. Бүгін бір сәт осы аты аталған азаматтарды еске ала отырып, олардың ерлігін, не үшін алаңға шыққандығын көпшілік алдында айта кетсек артық болмас.

Хор « Желтоқсан желі»

Шапағат
Дүр сілкінді желтоқсанда қоңыр аймақ,
Өйтпесе тілім қайтіп қанат жаймақ?
Ұран жазып, қып - қызыл ту көтеріп,
Жастар шықты алаңға «Елімайлап».

Көрініс: «Абақтыдағы Қайрат»

Аида
Алаңға шығып, ойын айтты жастарым,
Қиындық пен қатерге тігіп бастарын.
Содан барып, тоңы еріді кеңестің,
Содан кейін еркіндікті бастадым.
Айнұр:
Тас еденде жатты қазақ баласы,
Ауырса да, қыңқ етпеді жарасы,
Жараланған жолбарыстай, ышқынып,
Айтып жатты соңғы сөзін ол ащы!!!...
Дәурен:
Қайрат атты атым бар
Он сегізде жасым бар...
Еркек тоқты құрбандық
Атам десең атыңдар!...

Айнұр:
Сұранбады, жалынбады тік тұрды,
Барлық жендет қорықты одан тіксінді,
Тас қорғанда жалғыз өзі жатса да,
Қанышерлер айналада көп еді....
Бір қазаққа әлі келмей, жер болып,
Мойындатпақ, бір өлікті тергеулік,
Сенің ісің, сен өлтірдің дегенді,
Артпақты олар, өрен жасқа көлдей ғып....

Атырау облысы, Жылыой ауданы, Құлсары қаласы,
№19 жалпы орта білім беретін мектептің
бастауыш сынып мұғалімі Баспаева Гүлшат Мақсотқызы

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама